2023 жылғы 11 сәуір күні Уәлиханов аудандық мәслихатының №8 сайлау округі бойынша депутаты Лохан Александр Владимирович «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдауға Кішкенекөл ауылының тұрғыны А.А.Теміржанова келіп, оның тұрғын үйінде қыс мезгілінде таза ауыз су құбыры қатып қалатынын және сырттан су тасуға мәжбүр болатынын жеткізді.
Нәтижесінде депутат сәйкесінше кәсіпорынға аталған мәселені шешу мақсатында депутаттық сауал жолдады.