2022 жылғы 19 қазан күні Уәлиханов ауданының қоғамдық кенесінің отырысы өтті. С.Д.Қимановтың төрағалығымен өткен отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты Күн тәртібіне сәйкес "Аудандық ауруханамен медициналық қызмет көрсету сапасы туралы" есебі тыңдалады, "Қызылту Су Арнасы ЖШС-нің жұмысы туралы"есебі тыңдалады; "Аудандық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының 9 айда атқарылған жұмыстар туралы"есебі тыңдалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясын құру туралы, «Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасын Мәдениет және спорт министірінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №13 бұйрығына сәйкес Кішкенекөл ауылында және Ақтүйесай, Ақбұлақ, Коктерек, Кулыкөл, Бидайық ауылдық округтерінде үстел тенисі, шахмат, баскетбол, волейбол, тегін үйірмелер өткізілуде мемлекет тапсырмасын сапалы орындалуын бақылау үшін «Кішкенекөл ауылы бойынша «Кішкенекөл №1 орта мектебі, мектеп жанындағы интернаты бар №2 Кішкенекөл орта мектебі» КММ және гагарин көшесіндегі 72үй Айым кафесі»маниторинг тобын құру қажет.


2022 жылғы 27 қыркүйекте аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Д. Қимановтың төрағалығымен осы Кеңестің жетінші отырысы өтті. Отырысқа құқық қорғау органдарымен байланыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның төрағасы, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Кинцель Евгений Юрьевич, облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Естаев Мұрат Серікбайұлы қатысты.
Облыстық Қоғамдық кеңестің сапарының себебі облыс аудандарындағы қоғамдық кеңестермен тығыз байланыс орнату және жергілікті халықпен, қоғамның белсенді өкілдерімен кездесу болды.
Евгений Юрьевич облыстың қоғамдық кеңесінде жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, жаңа құрамның алдында тұрған міндеттер мен қоғамдық кеңестің қызметіне қойылатын талаптар туралы айтып берді.
Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері аудан тұрғындарын толғандырған мәселелерді көтеріп, келесі жолы ауданда облыстық Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысын өткізуді ұсынды.
2022 жылғы 07 қыркүйек күні Уәлиханов ауданының қоғамдық кенесінің отырысы өтті. С.Д.Қимановтың төрағалығымен өткен отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары, мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Болатов Ернат Жанатұлы қатысты. Күн тәртібіне сәйкес "2022 жылдың 8 айында жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы"; "2022 жылдың 8 айында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы"; "2022 жылдың 8 айында Экономика және қаржы саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы".
17.08.2022 жылы сағат 15: 00-де Уәлиханов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі"тақырыбында ХҚКО қызметкерлерімен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өтті.
2022 жылғы 16 тамыз күні Уәлиханов ауданының қоғамдық кенесінің отырысы өтті. С.Д.Қимановтың төрағалығымен өткен отырысқа Қоғамдық кенес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихатының «Уәлиханов аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Уәлиханов аудандық бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы 2-13с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы, «Ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асуы туралы», «Аудан мектептерінің ғимараттарын жөндеу бойынша жүргізілетін және жоспарланатын шаралар туралы», «Ауданда мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру туралы», «Аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы», «Ауданның барлық нысандағы ұйымдарың от жағу маусымына дайындығы туралы» ақпараттар тындалды.
2022 жылдың 28 наурыз күні
Уәлиханов ауданының
Қоғамдық кеңесінің 1- отырысында
бекітілді
| № | Іс-шара | Баяндаушы |
| 1- тоқсан | ||
| 1 | 2022 жылғы Уәлиханов ауданы бюджетінің атқарылуы туралы | Экономика және қаржы бөлімінің басшысы |
| 2 | «Қызылту Су Арнасы» ЖШС-нің жұмысы туралы | Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
| 3 | Аудандық маңызыздағы жолдардың жөнделуі және сапасын арттыру мақсатында атқарылып және жоспарланып жатқан шаралар туралы | Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі |
| 4 | Азаматтардың белгілі санаттарына әлеуметтік көмек көрсету барысы туралы | Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
| 5 | Аудан мектептері ғимараттарына жөндеу жұмыстарын жасау бойынша атқарылып және жоспарланып жатқан шаралар туралы | Аудандық білім бөлімінің басшысы |
| 6 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган |
| ІІ-тоқсан | ||
| 1 | Ауданда мектепке дейіңгі білім беруді ұйымдастыру туралы | Аудандық білім бөлімінің басшысы |
| 2 | Ауданда мүгедекер, қарт адамдар және өмірдің қиын жағдайына түскен азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мен әлеуметтік қолдау жұмыстары туралы | Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы |
| 3 | Аудандық орталық ауруханамен медициналық қызмет көрсету сапасы туралы | Орталқ ауруханасның бас дәрігері |
| 4 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган |
| ІІІ-тоқсан | ||
| 1 | Аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы | Аудандық білім бөлімінің басшысы |
| 2 | Ауданда «Ауыл-ел бесігі» жобасының іске асуы туралы | Аудан әкімінің орынбасары |
| 3 | Ауданның барлық нысандағы ұйымдардың от жағу маусымына дайындығы туралы | Аудан әкімінің орынбасары |
| 4 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган |
| IV-тоқсан | ||
| 1 | Алдағы кезеңге арналған Уәлиханов ауданының бюджет жобасын талқылау | Экономика және қаржы бөлімі |
| 2 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган |
Уәлиханов ауданың Қоғамдық кенесінің отырысы
2022 жылғы 28 маусым күні Уәлиханов ауданының қоғамдық кенесінің отырысы өтті. С. Д. Қимановтың төрағалығымен өткен отырысқа Қоғамдық кенес мүшелері мен бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес «Уәлиханов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №2-13с «2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бюджетін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының ауданда мүгедектер, қарт адамдар және өмірдің жағдайына түскен азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мен әлеуметтік қолдау жұмыстары туралы» ақпарат талқыланды.
Сындарлы диалог
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес үстіміздегі жылдың ақпан айында Уәлиханов ауданының қоғамдық кеңесі үш жылдық мерзімге қайта жасақталды.
Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 15 наурыздағы №14-16с шешімімен 11 адамнан тұратын қоғам белсенділерінің басын қосқан құрылым өз жұмысын бастаған еді. Жаңадан құрылған қоғамдық кеңес мүшелігіне енген азаматтардың басымы алғашқы рет сайланып отыр.
2022 жылғы 8 сәуір күні Уәлиханов аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Синуш Дәуленұлы Қимановтың төрағалығымен аталған Кеңес отырысы өтті. Жиналысқа Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Дархан Машайұлы Бейсембин, аудандық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бауыржан Сағындықұлы Тастубаев қатысты.
Отырыстың негізгі қонағы ретінде Қызылжар өңірінің сыйлы азаматы, қоғам қайраткері, жазушы-журналист, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Солтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменов болды.
Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы ауданымызға келген сапарының басты себебі: аудандардағы қоғамдық кеңестермен тығыз қарым-қатынас орнатып, аудандарға шығып, жергілікті жерде тұрғындарды, қоғам белсенділерін қабылдау болып отыр.
Жарасбай Қабдоллаұлы отырысқа қатысып, қоғамдық кеңестердің жаңа құрамдарының алдында тұрған міндеттер мен жалпы кеңестің қызметіне қойылатын талаптар туралы жеткізіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері өз тарапынан аудан тұрғындарын толғандыратын мәселелер жайлы көтеріп, келесі ретте облыстық қоғамдық кеңестің көшпелі отырысын ауданымызда ауқымды түрде өткізуге тілек білдірді.
Қоғамдық кеңес отырысы
2022 жылдың 28 наурызы күні Уәлиханов ауданының қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы К.Н.Егімбаеваның төрағалығымен Уәлиханов ауданы қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Кеңес мүшелерінің ашық дауыс беруімен Уәлиханов аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Синуш Дауленұлы Қиманов сайланды.


УӘЛИХАНОВ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ
VІІ шақырылған XVІ сессия
ШЕШІМ
Кішкенекөл ауылы №14-16 с 2022 жыл 15 наурыз
Уәлиханов ауданының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 8-тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Уәлиханов аудандық
мәслихаттың хатшысы М. Абдулов
Уәлиханов аудандық мәслихатының
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 14 -16 с шешімімен бекітілген
Уәлиханов ауданының Қоғамдық кеңес құрамы
2020 жылдың 15 қаңтар күні
Уәлиханов ауданының
Қоғамдық кеңесінің отырысында
бекітілді
| № | Іс-шара | Баяндаушы |
| І тоқсан | ||
| 1 | Аудан әкімінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша есебі | Аудан әкімі М.Оспанов |
| 2 | Қоғамдық кеңестің 2020 жылға арналған жоспарын бекіту туралы | Қоғамдық кеңес хатшысы |
| 3 | Елдің жұмыс күші мол аймақтарынан халықты көшіру, сондай-ақ шетелден оралмандарды қабылдау бойынша 2019 жылғы жоспарлардың орындалуы және оны жүзеге асырудағы проблемалық мәселелердің шешілу барысы туралы | Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры |
| 4 | Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аумағын дамыту 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасының орындалу барысы туралы | Экономика және қаржы бөлімінің басшысы |
| 5 | 2019 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы | Экономика және қаржы бөлімінің басшысы |
| 6 | Ауданның агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы және оны әрі қарай дамыту міндеттері туралы | Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы |
| 7 | Аудандағы ветеринария саласындағы атқарылған жұмыстардың жайы туралы | Аудандық ветеринария бөлімі |
| 8 | Аудан аумағында тұрғын үй құрылысының жүзеге асырылуы және тұрғын үй бөлу ережелері | Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы |
| 9 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган |
| ІІ тоқсан | ||
| 1 | Ауданда спорттың даму жағдайы және преспективалары туралы | Аудандық спорт және дене тәрбиесі бөлімі |
| 2 | Ауданда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы және жастармен жұмыс жүргізуді арттыру бойынша міндеттер туралы | Аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар бастамалары орталығының директоры |
| 3 | Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы | Аудан әкімінің аппарат басшысы, ХҚҚК орталығының басшысы |
| 4 | Ауданда мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру туралы | Аудандық білім бөлімінің басшысы |
| 5 | Кішкенекөл ауылдық округінің бюджетін бөлу және тиімді пайдалану туралы | Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі |
| 6 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган |
| ІІІ тоқсан | ||
| 1 | Аудан әкімінің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі | Аудан әкімі М.Оспанов |
| 2 | Кішкенекөл ауылы ішіндегі автокөлік жолдарының жағдайы және жөндеу жұмыстары туралы | Кішкенекөл ауылдық округінің әкімі С.Сәниев |
| 3 | Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасы және жаңа оқу жылына дайындығы туралы | Аудандық білім бөлімінің басшысы |
| 4 | Ауданның денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер туралы | Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері |
| 5 | Аудан мектептерінің жаңа оқу жылына және от жағу маусымына дайындығы туралы | Аудандық білім бөлімінің басшысы |
| 6 | Ауданда мәдениет мекемелерінің техникалық жабдықталу жағдайы және олардың қызметін жақсарту туралы | Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы |
| 7 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган |
| IV тоқсан | ||
| 1 | Ауданда мүгедектер, қарт адамдар және өмірдің қиын жағдайына түскен азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мен әлеуметтік қолдау жұмыстары туралы | Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы |
| 2 | Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету барысы туралы | Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы |
| 3 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган |
| 4 | Алдағы кезеңге арналған Уәлиханов ауданының бюджет жобасын талқылау | Экономика және қаржы бөлімі |
| 5 | Уәлиханов ауылдық округтердің 2021-2023 жылдарға арналған бюджетінің жобасын талқылау | Ауылдық округ әкімдері |
| 6 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган |
Мәтіндік хат «Қоғамдық кеңестердің қызметтеріне қатысты»
Орталық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына мониторинг жүргізу
2019 жылға арналған Қоғамдық кеңестердің қызметтеріні мониторингі
Уәлиханов аудандық мәслихаты
VI шақырылған XXXV сессия
Шешім
Кішкенекөл селосы
№ 8- 35с
2019 жылғы 1 наурыз
Уәлиханов ауданының Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңының 9 бабы 5 тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Уәлиханов ауданының Қоғамдық кеңес құрамы бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
VI шақырылған ХХХV
сессия төрайымы
К. Егімбаева
Уәлиханов аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Кәдіров
Уәлиханов аудандық мәслихатының
2019 жылғы 1 наурыздағы
№ 8-35 с шешімімен
бекітілген
Уәлиханов аудандық Қоғамдық кеңес құрамы
| 1. | Кәдіров Бауыржан Хамзеұлы |
| 2. | Жауарова Айгүл Зиндақызы |
| 3. | Саниев Сапар Капарұлы |
| 4. | Ташкин Сайран Кенжетайұлы |
| 5. | Қорқытов Болат Қорқытұлы |
| 6. | Калиев Сансызбай Мұхамедрахымұлы |
| 7. | Темірбекова Рашида Мағжанқызы |
| 8. | Егімбаева Күләш Нағимжанқызы |
| 9. | Құрмантаева Күмісжан Егімбайқызы |
| 10. | Абдулов Мурат Тоқмағанбетұлы |
| 11. | Рамазанов Марат Жакиұлы |
| 12. | Уахитов Ербол Файзуллаұлы |
| 13. | Хасенов Бектай Солтанғазыұлы |
26.09.2018
2018 жылдың 26 қыркүйекте аудандық мәслихат хатшысы, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Б. Кәдіровтың төрағалық етуімен Уәлиханов ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста келесі сұрақтар қарастырылды: «2018-2020 жылдарға арналған Уәлиханов ауданының бюджеті туралы» Уәлиханов аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №2-20 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «2018-2020 жылдарға арналған Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округінің бюджеті туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №2-21 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі №2-14 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобаларын талқылау.
Қарастырылған сұрақтар бойынша тиісті ұсыныстар берілді.


2017 жылдың 21 желтоқсан күні
Уәлиханов ауданының
Қоғамдық кеңесінің 19 отырысында
бекітілді
2018 жылға Солтүстiк Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Қоғамдық кеңесi отырысының жоспары
| № | Іс-шара | Баяндаушы | Мерзімі |
| Қаңтар | |||
| 1 | 2017 жылғы Уәлиханов ауданы бюджетінің атқарылуы туралы | Экономика және қаржы бөлімінің басшысы | қаңтар |
| 2 | Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылдың қорытындысы бойынша есебі | Жергілікті полиция қызметі басшысы | қаңтар |
| 3 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | қаңтар |
| Ақпан | |||
| 1 | Уәлиханов ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының «Ауданда қыс мезгілінде республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі жолдарды күтіп ұстау туралы» есебі | Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | ақпан |
| 2 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | ақпан |
| Наурыз | |||
| 1 | Уәлиханов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының «Ауданда салықтың түсімі туралы» есебі | Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы | наурыз |
| 2 | Ауданның мәдениет саласының дамуы туралы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының есебі | Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы | наурыз |
| 3 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсын Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | наурыз |
| Сәуір | |||
| 1 | Экономика және қаржы бөлімі басшысының «Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау туралы комиссиясының жұмысы туралы» есебі | Экономика және қаржы бөлімінің басшысы | сәуір |
| 2 | Ауданда ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану туралы | Жер қатынастары бөлімі | сәуір |
| 3 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | сәуір |
| Мамыр | |||
| 1 | Уәлиханов ауданының ауыл шаруашылық саласының дамуы туралы ауыл шаруашылық бөлімі басшысының есебі | Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы | мамыр |
| 2 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | мамыр |
| Маусым | |||
| 1 | Уәлиханов ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының «Ауданда қоқыс тастайтын орындарды ұстау және оларды нормативтік нормаларға сәйкес келтіру туралы» есебі | Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | маусым |
| 2 | Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру туралы | Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы | маусым |
| 3 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | маусым |
| Шілде | |||
| 1 | Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының 2018 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша есебі (қоғамдық тыңдаулар) | Жергілікті полиция қызметі басшысы | шілде |
| 2 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | шілде |
| Тамыз | |||
| 1 | Уәлиханов ауданы білім бөлімі басшысының жаңа оқу жылына аудан мектептерінің дайындығы туралы есебі (қоғамдық тыңдаулар) | Білім бөлімінің басшысы | тамыз |
| 2 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | тамыз |
| Қыркүйек | |||
| 1 | Аудандық әлеуметтік мекемелерінің қысқы отжағу маусымына дайындығы жөнінде Уәлиханов ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының есебі | Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | қыркүйек |
| 2 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | қыркүйек |
| Қазан | |||
| 1 | «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы | Жұмыспен қамту орталығының директоры | қазан |
| 2 | Ауданның экологиялық жағдайы туралы есеп | Ақжар және Уәлиханов аудандарының экологы | қазан |
| 3 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | қазан |
| Қараша | |||
| 1 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | қараша |
| Желтоқсан | |||
| 1 | Алдағы кезеңге арналған Уәлиханов ауданының бюджет жобасын талқылау | Экономика және қаржы бөлімі | желтоқсан |
| 2 | Нормативтік-құқықтық актілер бойынша талқылау және ұсыныстар жасау (келіп түсуіне қарай) | Әзірлеуші-орган | желтоқсан |
11.05.2018 ж.
2018 жылдың 10 мамырында аудандық мәслихат хатшысы, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б. Кәдіровтың төрағалық етуімен Уәлиханов ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста келесі сұрақтар қарастырылды: «2018-2020 жылдарға арналған Уәлиханов ауданының бюджеті туралы» Уәлиханов аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №2-20 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихаттың шешімінің жобасын талқылау туралы, Уәлиханов ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының «Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің пай жерлерді тиімді пайдалану мәселелері туралы» есебі.
Қарастырылған сұрақтар бойынша тиісті ұсыныстар берілді.


14.02.2018 ж.
2018 жылдың 9 ақпанында Уәлиханов ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста келесі сұрақтар қарастырылды: 2017 жылғы Уәлиханов ауданы бюджетінің атқарылуы туралы, «2018-2020 жылдарға арналған Уәлиханов ауданының бюджеті туралы» Уәлиханов аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №2-20 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық мәслихаттың шешімінің жобасын талқылау туралы, Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының 2017 жылдың қорытындысы бойынша есебі, Уәлиханов ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының «Ауданды қыс мезгілінде республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі жолдарды күтіп ұстау туралы» есебі, «Уәлиханов ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасын талқылау. Қарастырылған сұрақтар бойынша тиісті ұсыныстар берілді.


21.12.2017 ж.
Ү.ж. 21 желтоқсан күні аудандық мәслихат хатшысы, Қоғамдық Кеңес төрағасы Б.Х.Кәдіровтың төрағалық етуімен аудандық Қоғамдық Кеңес отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауына 6 сұрақ енгізілді: 2018-2020 жылдарға арналған Уәлиханов ауданының бюджеті туралы; 2018 жылғы арналған Кішкенекөл ауылдық округінің бюджеті туралы; 2017 жылғы Уәлиханов ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсаздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы; 2018 жылға Уәлиханов ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтары үшін жұмыс орнының квотасын белгілеу туралы; Қоғамдық кеңестің 2018 жылға арналған жоспарын талқылау және бекіту.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.


14.09.2017 ж.
Үстіміздегі жылғы 14 қыркүйек күні аудандық мәслихат хатшысы, Қоғамдық Кеңес төрағасы Б.Х.Кәдіровтың төрағалық етуімен аудандық Қоғамдық Кеңес отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің қарауына 2017 жылғы аудандық бюджетті нақтылау туралы негізгі мәселе енгізілді. Сонымен бірге, кәсіпкерлік бөлімі басшысының «Ауданда алғашқы тұтыну тауарлардың бағасын ұстап тұру туралы» есебі және «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Амангелді ауылдық округі Тлеусай ауылының аумағында А.Белгібаевтың ІҚМ жинақталған табынында ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасын талқылау туралы мәселелер енгізілді.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Уәлиханов аудандық мәслихат
хатшысының 2016 жылғы «15» шiлдедегi
№18 өкiмiмен бекiтiлген
Уәлиханов ауданының Қоғамдық кеңес құрамы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ «Қоғамдық кеңестер туралы»
Хаттама (Уәлиханов ауданы Қоғамдық кеңесiнiң V отырысы)
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы
Уәлиханов ауданының Қоғамдық кеңес туралы ереже
| № | Іс-шаралар атауы | Аяқталу нышаны | Орындалу мерзімі | Орындауға жауапты |
| 1. | Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтыдамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және өкіметтік бағдарламалар жобаларын талқылау | Қоғамдық тыңдау | Жобалар енгізу бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері |
| 2. | Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақты дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылау | Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау | Қоғамдық мониторинг нәтижесі мен ҚК мүшелерінің ұсыныстары бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері |
| 3. | Уәлиханов ауданы әкімінің атқарған жұмысының қорытындысы туралы есебі | Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау | Жобалар енгізу бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері |
| 4. | Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының жұмысының басты бағыттары бойынша есебі | Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау | Жобалар енгізу бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері |
| 5. | Халыққа қызмет көрсету орталығының аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы туралы есебі | Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау | Жобалар енгізу бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері |
| 6. | Атқарушы органдардың мақсатты индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерді талқылау | Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау | Қоғамдық мониторинг нәтижесі мен ҚК мүшелерінің ұсыныстары бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері |
| 7. | Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы, тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақшаны жарату жоспарының орындалуы туралы, қайырылымдықтан түскен түсімдер мен ақшаны жарату туралы есептерін талқылау | Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау | Қоғамдық мониторинг нәтижесі мен ҚК мүшелерінің ұсыныстары бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері |
| 8. | Азаматтардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеуге және талқылауға қатысу | Қоғамдық тыңдау | Жобалар түсуіне қарай, қажеттігі бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері |
| 9. | Мемлекеттік басқаруды жетілдіру және қызметтік әдеп нормаларын сақтаумен қоса, мемлекеттік аппарат жұмысының айқындығын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау | Қоғамдық тыңдау | Шағымнің түсуі бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері |
| 10. | Қазақстан Республикасы заңнамаларын жетілдіру бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеп, енгізу | Мәселені қоғамдық кеңес отырысында қарау | ҚК мүшелерінің, комерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ), жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері, комерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар (КЕҰ) |
| 11. | Қоғамдық мониторинг | Ұсыныстар мен ескертпелер және қорытынды | ҚК, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша | Қоғамдық кеңестің төрағасы, Президиум мүшелері |
| 12. | Қоғамдық сараптау | Қоғамдық сараптау қорытындысы | ҚК мүшелерінің, коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ), жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша | Сараптау комиссиясы |
Уәлиханов аудандық мәслихат
хатшысының 2016 жылғы 22 қаңтардағы
№2 өкiмiмен бекiтiлген