Меню

Страницы

Статья

Юмшыл Қабдуалиұлы Сағандықов

1962 жылғы 6 қаңтар күні Көкшетау облысы Зеренді ауданы Ұялы ауылында туған. Білімі арнайы орта, 1985 жылы техник-механик мамандығы бойынша Боровской ауыл шаруашылық техникумын бітірген.

Сол жылы тұрақты мекен-жайға Қызылту ауданының Комсомольский совхозына (қазіргі Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округінің Аққұдық ауылына) көшіп келеді.

Еңбек өтілін 1985 жылы Комсомольский совхозында машина-тракторлық шеберханасының бақылаушы-механигі болып бастаған, 1989 жылы осы совхоз автогаражының меңгерушісі болып ауыстырылған.

2001 жылы «Сағандықов Ю.К.» шаруа қожалығын құрып, бүгінгі күнге дейін сол елде өз ісін дөңгелетіп отырған азаматтардың бірі.

Ауданның ауыл шаруашылығына зор үлесін қосып жүрген азамат. Егін салумен қатар мал өсірумен айналысып, жылқы мен сиыр басын жылдан жылға арттырып келе жатыр.

Ұйымшыл Қабдуалиұлы қайырымдылық жасап, демеушілік көмек көрсетуден жалықпайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне белсене араласады.

Ол Уәлиханов аудандық мәслихатының IV, V шақырылымдарының депутаты болған.

Марапаттары: «Астанаға-10 жыл», «Ауыл шаруашылық саласының ең үздік кәсіпкері», «Ерен еңбегі үшін» төсбелгілері. 2014 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №5-13с шешiмiмен берiлдi.

Дата публикации
03 августа 2022
Дата обновления
03 августа 2022
Тип

Сейчас читают

26 мая 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы