Еңбек өтілін Көкшетау облысы Қызылту ауданы Молодая Гвардия орта мектебінің математика пәні мұғалімінен бастап, 1974 жылы осы мектептің директоры лауазымына тағайындалды.
1984-2010 жылдар аралығында Уәлиханов ауданының мемлекеттік мекемелерінде қызмет атқарды, оның ішінде: Қызылту аудандық кеңесінің халықтар депутаты төрағасының орынбасары, Қызылту аудандық сайлау комиссиясының хатшысы, Қызылту ауданы әкімінің орынбасары, Қызылту ауданының білім беру бөлімінің бастығы. 2003-2010 жылдары Уәлиханов ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымында абыройлы қызмет жасады.
Мемлекеттік қызметтегі көп жылғы адал еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, облыс және аудан әкімдерінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2021 жылғы 14 қазандағы №4-10с шешiмiмен берiлдi.