1966 жылы дүниеге келген. 1992 жылы Алматы құрылыс архитектуралық институтының инженерлік-техникалық факультетін аяқтаған. Техникалық ғылымдарының кандидаты.
2005-2013 жылдар аралығында «Қызылту-НАН» Агрофирмасы» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған кезде тек биік белестерді бағындырды, әр жыл сайын жоғарғы егін өнімін жинады. 2007 жылы «Юнайт Инвест» ЖШС-ін құрды.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласуда. Үнемі жан-жақты көмек көрсетіп, мәдени-спорттық іс-шаралардың басты демеушісі болып табылады. Еңбек артықшылығы аймағынан ауданға қоныс аударған азаматтарға 5 үйдің салынуына жәрдемдесті.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрмет грамотасымен, Уәлиханов ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2008 жылы «Алтын жүрек» ұлттық премиясының «Жылдың қайырымдылық жасаушысы» номинанты.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы №4-47с шешiмiмен берiлдi.