1927 жылғы 15 шілде күні Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қызылту ауылында туған.
1944 жылғы сәуір айында әскер қатарына шақырылған. Кіші сержант. Жараланған.
Наградалары: «ІІ дәрежелі Отан Соғысы» ордені, «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдары. Соғыстан кейін Кішкенекөл ауылында тұрып, қызмет еткен.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2019 жылғы 29 тамыздағы №7-42с шешiмiмен берiлдi.