1975 жылы Көкшетау облысы Володар ауданында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар: 1998 жылы Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетін және 2003 жылы «Фемида» заң академиясын аяқтаған. 2013-2017 жылдары Уәлиханов ауданының әкімі лауазымын атқарды.
Уәлиханов ауданын басқару кезеңінде ауданның мал, егін шаруашылығының дамуы ілгері басты.
Осы жылдары ашылған ауданның ірі фермерлік шаруашылығы «Жолдасбай агро» және «Северная Нива» элеваторы бүгінгі күні аудан экономикасының алға басуының негізі болып отыр.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2018 жылғы 23 шілдедегі №3-29с шешiмiмен берiлдi.