1948 жылғы 16 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Комаровка ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын бөлімшенің агрономы лаазымынан бастап, кейін бас агроном, совхоз директоры, Қызылту ауданының ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, Көкшетау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.
2004-2010 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары, бастығы лауазымын атқарды. Содан соң СҚО жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының бастығы болды.
Зейнетке дейінгі мерзімде «Солтүстік Қазақстан облысының дамуы» корпоративтік қоғамның қайырымдылық кеңесінің директоры болды.
«Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері. Ауданның ауыл шаруашылық саласының дамуына зор үлесін қосқан азамат.
Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №5-9с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы берiлдi.