Меню

Страницы

Статья

Идрисов Сайлау Әубәкірұлы

1950 жылғы 8 наурызда Көкшетау облысы Қызылту ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жоғары санаттағы хирург, «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Шапағат» медалінің иегері, «Еңбек Ардагері» атағына ие болған, бірнеше мемлекеттік мерейтойлық төсбелгілер иесі.

Ауданның денсаулық сақтау саласына зор үлес қосқан азамат. 1973-2013 жылдар аралығында 40 жыл бойы аудан орталығынан ең шалғай жатқан Қулыкөл ауылдық ауруханасын басқарып, сол ауылдық жағдайларда 5 мыңнан астам операция жасаған. Көптеген жерлестеріне жаңа өмір сыйлай білген азаматтың ерлігін осыдан көруге болады.

Уәлиханов аудандық мәслихатының үш бірдей шақырылымының депутаты болған. Әрдайым медицина саласын дамытуға көңіл бөлген дәрігер-депутат Қулыкөл ауылы ауруханасының қиын жылдары жұмыс істеуімен бірге оның материалдық базасын нығайтуға зор септігін тигізді.

Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі №4-17 шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы берiлдi.

Дата публикации
03 августа 2022
Дата обновления
03 августа 2022
Тип

Сейчас читают

26 мая 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы