1943 жылғы 8 қаңтарда Омбы облысы Есiлкөл ауданы Старый Мәскен ауылында дүниеге келген.
1970 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтаған. 1983-2008 жылдары Қызылту аудандық пошта байланысы торабының бастығы болып қызмет етті. Байланыс саласында мiнсiз және ұзақ жылдар бойы қызметi үшiн 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Құрметтi байланысшысы» атағына ие болды.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған.
«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» медальдарымен және облыс әкімінің, аудан әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №5-9с шешiмiмен «Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы берiлдi.