Меню

Страницы

Статья

Тұралинов Серiкбай Шәрiпұлы

1954 жылғы 25 желтоқсанда Көкшетау облысы Володар ауданы Қызыл-Әскер ауылында дүниеге келген. 2011-2013 жылдары Уәлиханов ауданының әкiмi лауазымында жемісті қызмет атқарды. Ауданда қызмет еткен жылдары жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар тәжірибелі басшы ретінде көрсетті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласына ерекше назар аударды. Ауылдарды абаттандыру мәселесі өзекті болды. Сол жылдары Кішкенекөл ауылының орталық алаңында Мемлекеттік рәміздер стеласы, елді-мекендерде спорттық, ойын алаңдары, шағын архитектуралық нысандардың құрылысы жүзеге асырылды. Ауылдық округтерде жаңа саябақтар мен парктер пайда болды. Стадиондар мен хоккей корттары салынды, жаңа кітапханалар мен демалыс орталықтары ашылды. Аудан халқы арасында үлкен беделге ие.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10, 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алғыс хатымен, Ауылшаруашылығы Министрлiгiнiң Құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар, Ауылшаруашылығы, Спорт Министрлiктерiнiң және Ауылшаруашылығы жұмысшылары салалық кәсiподағының 3 төсбелгiсiне ие.

«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №6-36с шешiмiмен берiлдi.

Дата публикации
03 августа 2022
Дата обновления
03 августа 2022
Тип

Сейчас читают

26 мая 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау
27 апреля 2026
Азаматтарды қабылдау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы