1963 жылғы 21 тамызда Көкшетау облысы Қызылту ауданында дүниеге келген.
Қазақ күресін әлемдік деңгейге шығаруға көп үлесін қосты.
Спорт саласының жанкүйері, демеушісі.
Уәлиханов ауданында бiрнеше рет республикалық жарыстар өткiзiп, ауданның дәрежесiн жоғарғы деңгейге көтеруге, жас балуандардың үлкен додаларға, сайыстарға қатысуға мүмкiндiк жасаған азамат.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №6-36с шешiмiмен берiлдi.