1940 жылғы 5 қаңтарда Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қызылту кентінде туған. Қазақ Мемлекеттік дене шынықтыру институтын аяқтаған.
1986 жылы ауданда күрес мектебін ашып, оны 25 жыл бойы басқарды. Осы жылдар ішінде бірнеше Республика чемпиондары мен спорт шеберлерін тәрбиеледі.
Бар өмірлік тәжірибесін білім, спорт саласына арнаған. «ҚазКСР халықты ағарту ісінің үздігі» төсбелгiсiмен, бiрнеше мемлекеттiк наградалармен марапатталған.
Спорт шебері, көп жылдар бойы Уәлиханов ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №3-27с шешiмiмен берiлдi.