1948 жылғы 19 мамыр күнi Омбы облысы Азов ауданының Шонай ауылында дүниеге келдi.
1997-2002 жылдары Уәлиханов ауданының әкiмi қызметін атқарды.
Еліміз үшін қиын жылдары ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосты.
«Құрмет белгiсi», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерiмен және көптеген медальдармен марапатталған.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 7 мамырдағы №3-6с шешiмiмен берiлдi.