1948 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Чапаев ауылында дүниеге келген.
1964-1982 жылдары қойшы, жүргізуші, механизатор болып істеді.
ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, 2 мәрте «Ленин», «Октябрь революциясы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
1980 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихаты сессиясының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №6-4с шешiмiмен берiлдi.