1963 жылғы 8 мамыр күні Алматы облысы Қаскелен ауданының Госселекстанция поселкесінде туған.
Ол басқарып келген компания Қазақстан астық Одағының және Халықаралық Агроөнеркәсіптік биржасының мүшесі бола отырып, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарының 17 шаруашылықтарын өз қол астына алды.
Жалпы егістік көлемінің аумағы 530 гектар, оның ішінде 250 мың гектардан астам жер Уәлиханов ауданында болды.
2002 жылы «Еңбектегі Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2007 жылы «Кұрмет» орденімен марапатталған.
«Уәлиханов ауданының құрметтi азаматы» атағы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2001 жылғы 25 желтоқсандағы №13-16с шешiмiмен берiлдi.