Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 9-2 с «Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
- «Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Уәлиханов аудандық аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің 2-тармағының 12) тармақшасы, 5-тармағының екінші абзацы және 6-тарауы 2023 жылдың 31 тамызына дейін әрекет ететіні белгіленсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.