Уәлиханов аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастырушылық-басқару қызметіне Уәлиханов аудандық мәслихаты хатшысының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №25-НҚ өкімін орындау мақсатында жұмыс тобымен 2022 жылдың 12-14 желтоқсан аралығында нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2021 жылдың 3 желтоқсанынан 2022 жылдың 9 желтоқсанына дейін.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа төрағасы агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 10-тармағына, сондай-ақ ішкі талдау бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, нормативтік құықтық актілерге ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы «Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін өз қызметінде басшылыққа алаытын кодекстерді, заңдарды, нормативтік актілерді, құқықтық актілерді зерделеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінен мемлекеттік мекемеде нормативтік құқықытық актілерді жариялауды реттейтін заңнаманың сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша «Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға бұзушылықтар мен тексерулер тіркелген жоқ.
Барлық нормативтік құқықтық актілер әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін «Әділет» АТЖ және бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне ішкі талдау келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:
Ұйымдастыру-басқару қызметін жоғарда аталған критерийлер бойынша зерделеу кезінде ішкі талдау мынаны көрсетті:
Аппаратта штат саны 5 штат бірлігін құрайды.
Кадрлардың ауысуы бойынша: аппарат басшысының қызыметінен кетуіне байланысты, ішкі конкурс арқылы мәслихат аппаратының басшысының лауазымына кадрлық-ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бас маман тағайындалды. Кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бойынша бас маман лауазымына конкурс жарияланып, конкурсқа 1 адам қатысып, тағайындалды.
Аппараттың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Арнайы қызмет» базасына тіркеледі. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты соттау немесе айыппұл салынбаған. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бақылау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау мақсатында аппараттың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, қаржылық бақылау шараларын жүргузу барысында қызметшілер мен олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарында белгіленген мерзімде декларация тапсырады.
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметшілердің басшыға тисілі, мемлекеттік сатып алулар немесе сату және т.б., жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттарының бірлескен қызметі (жұмысы) бойыныша лауазымды адамдар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тиым салуларды бұзу фактілері жоқ.
Бұл ретте, Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді көрсетпейді, бақылау, қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды.
Қызметшілер әкімшілік қызметшілерге қойылатын талаптарды қатаң сақтайды, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулерді сақтайды, Әдеп кодекісінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын сақтайды. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодекісін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаумен байланысты тәуекелдер жағдайы болған жоқ. Аппарат қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ. Аппараттың мемлекеттік қызметкерлеріне қатысты келеңсіз материалдарды анықтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіледі. Зерттеу кезінде теріс материадар анықталған жоқ.
Прокурорлық қадағалау актілері түскен жоқ.
Аппарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, аппараттың функционалдық қызметіне қарсы заңдарды түсіндіру бойынша құқықтық жалпы білім беру жұмыстарын жүргізеді.
Ішкі талдау барысында жұмыс тобы аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.
Жұмыс тобы:
Аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Төлеубаева
Мәслихат аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы А.Мәлікова
Кадрлық ұйымдастыру жұмысын жүргізу бойынша бас маман Г.Жүніспекова