Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- «Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
- Уәлиханов аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 маусымдағы № 7-20 с «Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (2022 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.