
Өңірде жұмысшы мамандықтары бойынша 2 мың адамға қажеттілік бар. Бұл тракторшылар-машинистер, әртүрлі профильдегі электриктер, дәнекерлеушілер,тас қалаушылар, слесарь-жөндеушілер, сантехниктер.
Жалпы, білім беру саласын талдау кадрларды даярлаудың негізгі бағыттары жұмысшы мамандықтарының қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатынын көрсетеді. Ағымдағы жылы жаңа сұранысқа ие жұмысшы кәсіптерін ашу бойынша жұмыс жүргізілуде: егін өсіруші, тұқым өсіруші, құс өсіруші, наубайшы, саудагер, құтқарушы, әлеуметтік қызметкердің көмекшісі.
Осыған қарамастан, қолданыстағы тапшылықты ескере отырып, 2025 жылы ТжКБ ұйымдарында жұмысшы мамандарды даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмысшы кадрларды қабылдау 35-тен 45%- ға дейін ұлғайтылды.
Облыста «Радуга» ЖШС-нің оң тәжірибесі бар, онда Бескөл мектеп-колледжінің студенттері «бағдарламалық басқаруы бар станоктар операторы» мамандығы бойынша аптасына 4 күн кәсіпорын базасында кәсіптік оқудан және практикадан өтеді және бұл олардың еңбек өтіліне есептеледі. Колледж түлектері 100% кәсіпорында орналасады.
Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы кәсіптер жылы өндірістік оқыту шеберлері арасында кәсіби шеберлік конкурстары, жұмысшы кәсіптерінің жас көшбасшыларының форумы, арнайы пәндер оқытушылары арасында шеберлік сыныптары, әлеуметтік әріптестермен қамқорлық, тәлімгерлік мәселелері бойынша меморандумдарға (келісімдерге) қол қою және басқа да іс-шаралар өткізіледі.