2024 жылдың 1- ші шілдеге халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Ауданда азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты азайту, аз қамтылған азаматтардың санын қысқарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылдың 1-ші шілдеге ауданның 772 жұмыссыз және өзін - өзі жұмыспен қамтыған азаматтарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді (6 айға жоспар-579) немесе 133%, оның ішінде:
- тұрақты жұмыс орындарына 591 адам орналастырылды (6 айға жоспар-469) немесе 126%, оның ішінде:
1) бұрын құрылған жұмыс орындарына - 190 адам (6 айға жоспар-215) немесе 88,4%;
2) жаңадан құрылған жұмыс орындарына - 401 адам (6 айға жоспар-254) немесе 158%, оның ішінде: ауыл шаруашылығында - 301, жеке кәсіпкерлікте – 80, өнеркәсіпте – 3,құрылыста-12, басқа салаларда-5.
– уақытша жұмыс орындарына- 181 адам (6 айға жоспар-110) немесе 164%, оның ішінде:
1) ақылы қоғамдық жұмыстарға - 123 жұмыссыз азамат жіберілді (6 айға жоспар-65) немесе 189%;
2) 15 әлеуметтік жұмыс орны құрылды (6 айға жоспар-14) немесе 107%;
3) жастар тәжірибесі- 10 адам (6 айға жоспар-4) немесе 250%;
4) күміс жасы - 21 адам (6 айға жоспар-19) немесе 110%;
5) бірінші жұмыс орны- 11 адам (6 айға жоспар-7) немесе 157%;
6) ұрпақ келісім шарты 1 адам (6 айға жоспар-1) немесе 100%.
2024 жылдың 1-ші шілдеге 9 мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастырылды, соның ішінде тұрақты жұмыс орнына 7, уақытша жұмыс орнына -2.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы "2024 жылға арналған ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде квота белгілеу туралы" № 228 қаулысы қабылданды.
2 адамның жұмыс орындар квотасы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл № 2 орта мектебі" КММ-де, "СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-де белгіленді. Орындалуы 100%.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 04 желтоқсандағы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу» № 236 қаулысы қабылданды.
«Қызылту үн үктіру комбинаты» ЖШС 1 адамға, «Қызылту Су Арнасы» ЖШС 1 адамға квота белгіленді. Орындалуы 100%.
2024 жылғы 1-ші шілдеге түзеу мекемесінен босатылған тұлғалар жоқ.
Қылмыстық атқару инспекция тобының есебінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес шарттарға сотталған 8 адам тұр, соның ішінде: 4 адам жұмыс істейді, 2 адам бала күтімі бойынша демалыста, 2 адам жұмыссыз.
Ауданның 3 кәсіпорындары («АФ Қызылту - НАН» ЖШС, «Қызылту Астық» ЖШС, «Қызылту үн үктіру комбинаты» ЖШС) мониторингпен белгіленген.
2024 жылғы 1-ші шілдеге жалақы төлеу бойынша берешегі жоқ.
Уәлиханов ауданының 2024 жылға арналған жұмыс орындарын құру бойынша бекітілген өңірлік картасына сәйкес 47 жаңа жұмыс орнын құрумен 11 жоба жоспарланған, оның ішінде 2 тұрақты, 45 уақытша.
2024 жылғы 1-ші шілдеге 28 жаңа жұмыс орын құрылды немесе жоспардан 59,5%.
1) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы:
-Ақтүйесай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу. Жоспар 3 уақытша жұмыс орны. 4 уақытша жұмыс орындары құрылды немесе жоспардан 133%.
2) «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы»:
- «UNITE-Инвест» ЖШС-нің 500 басқа арналған қой фермасын кеңейту.
Жоспар 1 тұрақты жұмыс орны. 1 жаңа жұмыс орын құрылды немесе жоспардан 100%.
- «Қаратал» ФХ етті бағыттағы 80 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу.
Жоспар 1 тұрақты жұмыс орны. 1 жаңа жұмыс орын құрылды немесе жоспардан 100%.
3) «Ауыл-Ел бесігі- Білім саласы» Ұлттық жобасы
-Кішкенекөл ауылындағы № 2 Кішкенекөл орта мектебін күрделі жөндеу.
Жоспар 3 уақытша жұмыс орны. 2 уақытша жұмыс орындары құрылды немесе жоспардан 66%.
4) «Ауыл-Ел бесігі- Көлік» Ұлттық жобасы
- Тельжан а. көшелерінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу. Жоспар 1 уақытша жұмыс орны. 2 уақытша жұмыс орындары құрылды немесе жоспардан 200%.
- Кішкенекөл а. көшелерінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу.
Жоспар 2 уақытша жұмыс орындары.
- Бидайық а. көшелерінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу. Жоспар 2 уақытша жұмыс орындары.
5) «Ауыл-Ел бесігі- Құрылыс» Ұлттық жобасы
-Кішкенекөл ауылында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (байлау). Жоспар 10 уақытша жұмыс орындары. 10 уақытша жұмыс орындары құрылды немесе жоспардан 100%.
-Кішкенекөл ауылында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (сыртқы жылумен жабдықтау желілері және электрмен жабдықтау желілері).
Жоспар 3 уақытша жұмыс орындары. 5 уақытша жұмыс орындары құрылды немесе жоспардан 166%.
- Кішкенекөл ауылында тренажер залы бар жабық жүзу бассейнінің сыртқы желілерін салу және абаттандыру. Жоспар 1 уақытша жұмыс орны. 3 уақытша жұмыс орындары құрылды немесе жоспардан 300%.
6) ҚР мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы
- «Жасыл ел» жобасы шеңберінде аумақты абаттандыру. 20 уақытша жұмыс орнының жоспары.
2024 жылға Уәлиханов ауданы бойынша аудан әкімі қызметінің тиімділігін бағалау бойынша кемінде 91 жаңа жұмыс орнын құру бойынша жоспарлы көрсеткіш белгіленген.
Ағымдағы жылдың 1-ші шілдеге 36 жаңа жұмыс орны ашылды немесе 39,5%.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету
2024 жылдың 01 шілдеге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 91 адамға қызмет көрсетеді. Оның ішінде: мүмкіндігі шектеулі балалар (мүгедек балалар) – 8 адам, психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқандар – 1 адам , жалғыз тұратын қарттар – 81, жалғыз тұратын мүгедектер – 1.
Жыл басынан бері үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 5 өтініш қабылданып, қанағаттандырылды, стационарлық жағдайында- 2 өтініш және жартылай стационар жағдайында 1 өтініш түсті.
Жыл басынан бері 7 адам қызметтен шығарылды .
2024 жылдың 01-ші шілдеге ұйым мен кәсіпорын басшыларына 4 деңгейлі тағайындау бағдарламасына сәйкес 82 жалғызбасты зейнеткер мен мүгедектер бекітілген және осы мерзімінде 824,0 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеуге 2024 жылға арналған жергілікті бюджеттен 46324,1 мың теңге бөлінді және 2024 жылғы 30 маусымға 26789,1 мың теңге сомасына төленді.
Атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек төлемдері жалпы сомасы 19752,0 мың теңгеге төленді.
-«Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні - 15 ақпан» - 27 азаматқа жалпы сомасы 4375,0 мың теңге (35 АЕК).
- «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» - 558 көп балалы аналарға жалпы сомасы 14879,0 мың теңге (5 АЕК және 10 АЕК).
-1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар - 21 азаматқа жалпы сомасы 387,7 мың теңге (5 АЕК).
- ата-аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оны қолдану нәтижесінде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына -3 азаматқа жалпы сомасы 110,7 мың теңге (10 АЕК).
Сондай - ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға 7037,0 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде:
-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және коммуналдық қызметтер мен отынға, сондай-ақ монша мен шаштараз қызметтеріне ақы төлегені үшін өтемақыға теңестірілген- 4009,5 мың теңге сомасына 31 адам;
-Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторийлерінде) санаторий-курорттық -1 азаматқа 184,50 мың теңге;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға тіс протездеу ақысын төлеуге шот-фактураны және орындалған жұмыс актісін ұсынумен, (бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа)- 184,5 мың теңге сомасына 1 азаматқа.
- туберкулез ауруы бар диспансерлік есепте тұрған адамдарға-1255,3 мың теңге сомасына 11 азаматқа.
- онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға-1402,9 мың теңге сомасына 14 адам;
Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 3 ата-анаға жергілікті бюджеттен -113,2 мың теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек
2024 жылы АӘК-ке республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 318 адамнан тұратын 64 отбасыға 27367 мың теңге бөлінді.
01 шілдеге АӘК 228 адамнан тұратын 47 отбасыға 14496,2 мың теңге сомаға тағайындалды.
АӘК 214 адамнан тұратын 45 отбасыға 11780,6 мың теңге сомасы төленді.
Бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлемге 46 балаға жоспарланған республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен 9167 мың теңге бөлінді.
01 шілдеге бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға 36 отбасынан шыққан 68 балаға 1777,7 мың теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды. Әр балаға төлем мөлшері 1,5 АЕК (5 538 теңге) құрайды.
35 отбасынан шыққан 66 балаға 1467,6 мың теңге төленді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдармен
жүргізілген жұмыстар туралы
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектер облыстық және аудандық бюджет қаражатынан оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылдың басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың мынадай құралдарымен қамтамасыз етілді:
- протезді-ортопедиялық құралдармен - 4 адам жүгінді (қамтылғаны - 2)
- гигиеналық құралдарға - 29 адам жүгінді (қамтылды 27)
- кресло–арбаға - 4 адам жүгінді (қамтылды 3)
- жеке көмекшінің қызметіне - 13 адам жүгінді (қамтылды - 13, соның ішінде 4 адам «Адон Север» қоғамдық бірлестігімен келісім жасады)
- санаторлы-курорттық емделуге - 22 адам жүгінді, 8 адам санаторлық емдеуді өтті.
- сурдотехниқалық құралдарға – 1 адам, 3 құралдармен қамтылды.
- тифлотехниқалық құралдарға – 1 адам, 5 құралдармен қамтылды.