Ауданда азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты азайту, аз қамтылған азаматтардың санын қысқарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылдың 1 сәуірге ауданның 172 жұмыссыз және өзін - өзі жұмыспен қамтыған азаматтарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді (3 айға жоспар-138) немесе 124,6 %, оның ішінде:
- тұрақты жұмыс орындарына 97 адам орналастырылды (3 айға жоспар-86) немесе 112,8%, оның ішінде:
1) бұрын құрылған жұмыс орындарына - 52 адам (3 айға жоспар-65) немесе 80%;
2) жаңадан құрылған жұмыс орындарына - 45 адам (3 айға жоспар-21) немесе 214%, оның ішінде: ауыл шаруашылығында - 9, жеке кәсіпкерлікте – 34, өнеркәсіпте – 2.
– уақытша жұмыс орындарына- 75 адам (3 айға жоспар-51) немесе 147%, оның ішінде:
1) ақылы қоғамдық жұмыстарға - 44 жұмыссыз азамат жіберілді (3 айға жоспар-30) немесе 146,7%;
2) 14 әлеуметтік жұмыс орны құрылды (3 айға жоспар-14) немесе 100%;
3) жастар тәжірибесі- 4 адам (3 айға жоспар-2) немесе 200%;
4) күміс жасы - 13 адам (3 айға жоспар-5) немесе 260%.
2024 жылдың 1 сәуірге 5 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде тұрақты жұмыс орнына 3, уақытша жұмыс орнына -2.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы "2024 жылға арналған ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде квота белгілеу туралы" № 228 қаулысы қабылданды.
2 адамның жұмыс орындар квотасы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің Кішкенекөл № 2 орта мектебі" КММ-де, "СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ-де белгіленді. Орындалуы 100%.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 04 желтоқсандағы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу» № 236 қаулысы қабылданды.
«Қызылту үн үктіру комбинаты» ЖШС 1 адамға, «Қызылту Су Арнасы» ЖШС 1 адамға квота белгіленді. Орындалуы 50%.
2024 жылғы 1 сәуірге түзеу мекемесінен босатылған тұлғалар жоқ.
Қылмыстық атқару инспекция тобының есебінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес шарттарға сотталған 10 адам тұр, соның ішінде: 9 адам жұмыс істейді, 1 адам бала күтімі бойынша демалыста.
|
|
Ауданның 3 кәсіпорындары («АФ Қызылту - НАН» ЖШС, «Қызылту Астық» ЖШС, «Қызылту үн үктіру комбинаты» ЖШС) мониторингпен белгіленген.
2024 жылғы 1 сәуірге жалақы төлеу бойынша берешегі жоқ.
Уәлиханов ауданының 2024 жылға арналған жұмыс орындарын құру бойынша бекітілген өңірлік картасына сәйкес 47 жаңа жұмыс орнын құрумен 11 жоба жоспарланған, оның ішінде 2 тұрақты, 45 уақытша.
1) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы:
-Ақтүйесай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу. Жоспар 3 уақытша жұмыс орны.
2) «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы»:
- «UNITE-Инвест» ЖШС-нің 500 басқа арналған қой фермасын кеңейту.
Жоспар 1 тұрақты жұмыс орны.
- «Қаратал» ФХ етті бағыттағы 80 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу.
Жоспар 1 тұрақты жұмыс орны.
3) «Ауыл-Ел бесігі- Білім саласы» Ұлттық жобасы
-Кішкенекөл ауылындағы № 2 Кішкенекөл орта мектебін күрделі жөндеу. Жоспар 3 уақытша жұмыс орны.
4) «Ауыл-Ел бесігі- Көлік» Ұлттық жобасы
- Тельжан а. көшелерінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу. Жоспар 1 уақытша жұмыс орны.
- Кішкенекөл а. көшелерінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу. Жоспар 2 уақытша жұмыс орындары.
- Бидайық а. көшелерінің кентішілік жолдарын орташа жөндеу. Жоспар 2 уақытша жұмыс орындары.
5) «Ауыл-Ел бесігі- Құрылыс» Ұлттық жобасы
-Кішкенекөл ауылында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (байлау). Жоспар 10 уақытша жұмыс орындары.
-Кішкенекөл ауылында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (сыртқы жылумен жабдықтау желілері және электрмен жабдықтау желілері).
Жоспар 3 уақытша жұмыс орындары.
- Кішкенекөл ауылында тренажер залы бар жабық жүзу бассейнінің сыртқы желілерін салу және абаттандыру. Жоспар 1 уақытша жұмыс орны.
6) ҚР мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы
- «Жасыл ел» жобасы шеңберінде аумақты абаттандыру. 20 уақытша жұмыс орнының жоспары.
2024 жылға Уәлиханов ауданы бойынша аудан әкімі қызметінің тиімділігін бағалау бойынша кемінде 92 жаңа жұмыс орнын құру бойынша жоспарлы индикатор белгіленген.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірге 7 жаңа жұмыс орны ашылды немесе 7,6%.