" Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ
2023 жылы
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған
жұмыс туралы есеп
Уәлиханов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тізілімге енгізілген 12 мемлекеттік қызмет түрін, оның ішінде мансап орталығы арқылы 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бекітілген ереже, стандарттарға сәйкес қағаз және электрондық түрде жүзеге асырылады.
2023 жылы барлығы 1417 (2022 жылы 2181) мемлекеттік қызмет, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы –244, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы –18, электрондық үкімет порталы арқылы – 1034, ақпараттық жүйе арқылы 121 қызмет түрі көрсетілді.
Бөлімде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, күтуге арналған отырғызу орындарымен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд қызметті алушылардың көзбен көруі үшін ғимарат қабырғасында қолжетімді деңгейде орналасқан. Барлық көрсетілетін қызметтер бойынша ақпарат (стандарттар,өтініш үлгілері) мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылған. Сонымен қатар, Уәлиханов ауданы әкімдігінің және бөлімнің ресми сайтында барлық қажетті ақпарат орналастырылған.
Бөлімде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, көрсетілетін қызметті алушы адам мамандардан кеңес ала алады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетіледі. Бөлім брайль шрифтіндегі ақпараттық жазулармен , балдақтарға арналған ілгектерімен, күту және өзіне-өзі қызмет көрсету секторымен жабдықталған.
Ауданда «Мансап орталығы» орталығы жұмыс істейді, аудан тұрғындары жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері, сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады.
Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жүйелі ақпараттандыру жұмысы жүргізілуде. Жасалған жұмыстар бөлімнің сайты және fasebook парақшасына енгізілді. Сонымен қатар fasebook әлеуметтік желісі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын анықтау мақсатында интернет-конференциялар, тікелей эфирлер өткізіліп, тұрғындар сұрақтарына жауаптар беріледі. Сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері бар ақпараттық буклеттерді тарату бойынша жұмыстар жүргізілді.
Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы «Коннекциялық пункт» бар, сонымен қатар жауапты маман жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын және ашықтығын арттыру мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жылдың басынан бері 4 тікелей эфир, 4 интернет конференция, 6 семинар, 5 ролик (мемлекеттік қызметті алу жөнінде нұсқау) бөлімнің фэйсбук желісіне орналастырылды. Сонымен қатар, 400 дана кітапшалар таратылды.
Ағымдағы кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту фактілері жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы басқа заңнамалық талаптардың бұзылуы болған жоқ. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. Бөлімнің сенім телефоны-21943 нөміріне тіркелген.
2024 жылғы қаңтар айына 122 мемлекеттік қызмет, соның ішінде мемлекеттік орган арқылы –37, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы –1, электрондық үкімет порталы арқылы – 66, ақпараттық жүйе арқылы 18 қызмет түрі көрсетілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі басшысың орынбасары
Ш. Хуанған