Мақсаты
жер учаскелерінің меншік иелері мен санаттары бөлінісінде ауданның жер алқаптары бойынша есеп пен есептілікті жүргізу.
Тапсырмалар
иесіз жер учаскелерін есепке қою;
жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
жоғарыда көрсетілген жағдайларда жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;
мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскесінің бағалау құнын бекіту;
Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;
жерді аймақтарға бөлу жобаларын және жерді ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды (жобаларды, схемаларды) әзірлеуді ұйымдастыру;
елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру;
жер сауда-саттығын (аукциондар, конкурстар)ұйымдастыру және өткізу;
жерді қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларға, схемаларға, жобаларға сараптама жүргізу;
тиісті аумақтың жер балансын жасау;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;
жер учаскесіне куәландырушы құжаттарды беру;
жер учаскелерінің болуы немесе болмауы туралы анықтамалар беру;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын және жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу;
Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға Жергілікті атқарушы органдарға рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындау;
ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау.