«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-нің 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Бөлім Уәлиханов ауданының аумағындағы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган, Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту.

5 мемлекеттік қызмет бойынша бөлім бірлесіп орындаушы болып табылады:

1) Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

2) Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;

3)  Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

4) Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

5) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру.

2023 жылдың 12 айында бөліммен барлығы 232 қызмет көрсетілді, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы - 228, қағаз нысанда – 4.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қолжетімділік мақсатында «СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-де көрнекі ақпараты бар стендтер, «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңы, Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, өтініш үлгілері, шағымдар мен ұсыныстар журналы орналастырылды.

Мемлекеттік органдар қызметінің басымдықтарының бірі электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын ұлғайту болып табылады. Осы басымдықты іске асыру мақсатында бөлім халықты ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Осылайша, бөліммен 4 интернет-конференция (50 сұрақ қойылды) және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 4 тікелей эфир (32 сұрақ) өткізілді, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 500 брошюра таратылды, 4 оқыту семинары өткізілді (70 адам қамтылды), электрондық мемлекеттік қызметтерді танымал ету бойынша 4 оқыту бейнеролигі орналастырылды (300 қаралым).

2023 жылғы 12 айда мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзу, мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері - жоқ. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
29 апреля 2024