"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" КММ 2024 жылғы 15 мамыр мен 31 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды

«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-сі 2024 жылғы 15 мамыр мен 31 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу кезінде жұмыс тобының құрамына қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2024 жылғы 6 мамырға дейін 8(71542)21-6-53 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу осындай кезеңдерді қамтиды:

1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес талдамалық анықтама дайындау;

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының тізбесін қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;

4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің осы үлгілік қағидаларының 25-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау.

Дата публикации
08 апреля 2024