GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
12 октября 2026
Қарттар айлығы аясында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді

Қарттар айлығы аясында бөлім мамандары ауданымыздағы аға буын өкілдерінің үйлеріне арнайы барып, оларды мерекемен құттықтап қайтты.

Кездесу барысында мамандар қарияларға ізгі тілектерін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі. Сонымен қатар, ақыл-кеңесімен кейінгі ұрпаққа жол көрсетіп, елдің дамуына өз үлестерін қосқан ардақты жандарға алғыстарын жеткізді.

Үлкенге құрмет көрсету, олардың жағдайына көңіл бөлу және ақ батасын алу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Осындай кездесулер аға буын өкілдеріне деген ілтипатты арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Мемлекеттік мекеме туралы жалпы мәліметтер
Халықпен жұмыс
08 сентября 2026
Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды

Қазақстанда Отбасы күніне арналған апталық басталды

📌Қазақстанда 7-13 қыркүйек аралығында өтетін Отбасы күніне арналған апталық басталды. Елімізде Отбасы күні дәстүрлі түрде қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді.

Апта бойы еліміздің өңірлерінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және саналы ата-ана болудың маңызын түсіндіруге бағытталған ақпараттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді.

Апталықтың әр күні жеке тақырыпқа арналады. Бағдарлама ұрпақтар сабақтастығы, саналы түрде отбасын құру, бала денсаулығы мен қауіпсіздігі, отбасы берекесі және ата-ана мен баланың бірге уақыт өткізуі секілді маңызды тақырыптарды қамтиды.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде «Отбасымыздың бір күні» ұранымен жалпыұлттық #Otbasym2026 челленджі өтеді.

07 сентября 2026
«Теріскей өлкесінің тарихи іздері» ғылыми экспедициясы

«Теріскей өлкесінің тарихи іздері» ғылыми экспедициясы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан ономаст-ғалымдарының қоғамдық бірлестігі «Ономастар одағы» бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі» жобасы аясында ғылыми-зерттеу тобы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына арнайы экспедициямен келді.

Экспедиция «Теріскей өлкесінің тарихи іздері» тарихи-танымдық ғылыми экспедициясы аясында ұйымдастырылып, аудан аумағындағы тарихи жер-су атауларын ғылыми тұрғыдан зерделеу, олардың шығу төркіні мен тарихи негіздерін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Экспедиция құрамында жоба жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Бекенова Гүлнар Шияповна, ғылыми-зерттеу тобының мүшелері Тоғыс Мәулен Мырзағұлұлы және Касимова Дильназ болды.

Зерттеу барысында Уәлиханов ауданының тарихи жер-су атауларына қатысты құнды деректер жинақталып, өлкетанушылармен, тарихшылармен, ардагерлермен, педагогтермен, мәдениет саласының өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен пікір алмасылды.

Экспедицияның маңызды бағыттарының бірі - елді мекендер мен жер-су атауларының тарихи қалыптасуын зерделеп, халық жадында сақталған құнды мәліметтерді жинақтау.

Мұндай ғылыми-зерттеу жұмыстары тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық ономастикалық қорды жүйелеу және тарихи атаулардың мән-маңызын келер ұрпаққа жеткізуге зор үлес қосады.

07 сентября 2026
«Тіл мерейі - ел мерейі» атты аудандық тіл фестивалі

5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне орай Уәлиханов ауданында «Тіл мерейі - ел мерейі» атты аудандық тіл фестивалі ұйымдастырылды.

Фестивальдің басты мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілге деген құрметті қалыптастыру және тіл арқылы ел бірлігін нығайту.

Шара барысында «Тіл - халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің ұлттық руханият пен құндылықтарды сақтаудағы маңызы кеңінен насихатталды. Фестиваль спикерлері тілдің ел бірлігіндегі рөлі, ұлттық рухтың негізі және жастар арасындағы қазақ тілінің қолданысы туралы ой бөлісті.

Мемлекеттік тілдің дамуына және тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген бірқатар тіл жанашырларына аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Фестиваль барысында ұлттық өнеріміз дәріптеліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, Кішкенекөл №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майрагүл Шайзадақызы көпшілікке ізгі тілегін білдірді.

🌿 Тіл - ұлттың жаны, елдіктің тұғыры.

Тілге құрмет - халыққа құрмет. Ал барлық тілдерге деген құрмет - бірлік пен татулықтың берік негізі.

🇰🇿 Тіл мерейі - ел мерейі!

07 августа 2026
Уәлиханов ауданында жастарға есірткінің зияны түсіндірілді
 

Уәлиханов ауданында жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Менің таңдауым – есірткісіз өмір» атты профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шараны аудан прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты жасөспірімдер мен жастар арасында есірткінің таралуының алдын алу, заңсыз есірткі құралдарына деген теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Кездесу барысында қатысушыларға есірткінің адам денсаулығына, психикасына және болашағына тигізетін зияны туралы айтылды. Сондай-ақ нашақорлықтың тек оны қолданушыға ғана емес, оның отбасы мен жақындарына да ауыр зардап әкелетіні түсіндірілді.

Жастарға есірткі қолданудың салдары туралы бейнероликтер көрсетіліп, есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Мамандар жастарды күмәнді ұсыныстарға ермеуге, заң талаптарын сақтауға шақырды.

Кездесу барысында бос уақытты тиімді өткізу, спортпен шұғылдану, дұрыс орта таңдау және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы да талқыланды.

Шара соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар заңнама талаптары мен есірткі қылмыстарының салдары бойынша түсіндірме берді. Қатысушыларға нашақорлықтың алдын алу, қауіпті белгілер және көмекке қайда жүгінуге болатыны туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Осындай профилактикалық кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың есірткісіз, салауатты өмірді таңдауға деген жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

 
 
09 июля 2026
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕСІ

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»

республикалық байқауының

облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауының аудандық кезеңін (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқауға қатысу және жеңімпаздарды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
  2. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қазақстандық қоғам бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретіндегі рөлін арттыру, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау және осы бағытта белсенділік танытып жүрген азаматтарды ынталандыру.

Байқауды ұйымдастырушы – «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Контактные телефоны: 8 (7154) 22-11-45, 87029266653.

 

  1. Байқауға қатысу тәртібі

 

  1. Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) өкілдері, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
  2. Байқауға қатысушылар:

1) Ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:

1) тауар өндіруші:

- өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;

- ғимаратта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;

2) азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.

  1. Байқауға соңғы 3 жылда бас жүлде және бірінші орын алған жеңімпаздар қатыстырылмайды.
  2. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2026 жылғы:

- 15 шілдеге дейін бөлімге тапсырылуы қажет;

- ұсынылған жұмыстар санына (20 жұмыстан артық емес) және сапасына қарай.

Почта: ualovp@mail.kz

 

 

 

 

07 июля 2026
ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

1 шілдеден бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақы беру байқауына өтінім қабылдау басталды.

Кейінгі тоғыз жыл ішінде бұл сыйлықақы 558 үкіметтік емес ұйымға табысталды. Жыл сайын олардың қатарында аудандар мен ауылдық елді мекендердің дамуына үлес қосып жүрген 10-ға жуық ауылдық үкіметтік емес ұйым бар.

Егер ұйымыңыз қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, өз саласында нәтижелі жұмыс атқарып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосып жүрсе, сіздерді үздік үкіметтік емес ұйымдарды анықтауға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.

✔️Өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18:30-да (Астана уақытымен) аяқталады.

Байқауға қатысу талаптары туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы білуге болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/1035722?lang=kk

Қосымша ақпарат бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.

15 мая 2026
«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы жария хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес, Қазақстанда жыл сайын  «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.

Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі аудандық ұйымдастыру комитеті 2026 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын жариялайды.

Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық, екінші кезең – облыстық, үшінші кезең –ұлттық.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық  комиссияға 2025 жылғы мамырдың 15-нен бастап 15-ші маусымға дейін беріледі.

Толық ақпаратты 2-11-45, 87027455679 телефондары арқылы алуға болады.

 

Халықпен жұмыс
05 мая 2026
Жол қателікті кешірмейді! 

Уәлиханов ауданында маңызды кездесу өтті. Жастар ресурстық орталығының маманы мен аға мемлекеттік автоинспектор жастармен жай ғана ереже оқып қоймай, ауыл арасындағы жолдар мен көшелердегі шынайы жағдай туралы ашық сөйлесті.
Кездесуде не айтылды?
🔹 Мопед пен скутер — ойыншық емес. Біздің ауданда бұл ең көп тараған көлік түрі. Бірақ шлемсіз немесе бір мопедке екі-үш адамнан мініп «желмен жарысудың» соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан жолда абай болудың маңыздылығы мен құқықтарымыз бен міндеттеріміз туралы егжей-тегжейлі талқыладық.
🔹 ЖКҚ (жеке қозғалыс құралдары — самокаттар мен гироскутерлер). Ауылда қалағадағыдай жалға беру орталықтары болмаса да, жекеменшік гаджеттер көбейіп келеді. Олармен көліктің астына түсіп қалмау жолдарын және жаяу жүргіншілер өткелінде неліктен көліктен түсу керектігін түсіндірдік.
🔹 Түнгі жол. Жарықтандырылмаған жолдарда жарық шағылыстырғышы жоқ жаяу жүргінші немесе скутер мінген адам жүргізушіге мүлдем көрінбейді. Кіп-кішкентай «фликер» (жарық шағылыстырғыш) адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Кездесудің түйіні:
Ауданымызда бәрі бір-бірін таниды, сондықтан әрбір жол апаты — бәріміз үшін ортақ қайғы.

22 апреля 2026
Қандастармен кездесу

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң және Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде ауданда тұрып жатқан қандастармен тиісті жұмыстар жүргізілді.


Осылайша, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары қоныс аударған тұрғындармен кездесіп, мемлекеттік тілді оқыту мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Атап айтқанда, аудан деңгейінде қазақ тілін оқытуға бағытталған арнайы үйірме топтары мен оқу бағдарламалары таныстырылды. Сонымен қатар, тіл үйренуге қолайлы жағдай жасау және бейімдеу үдерісін жеңілдету мәселелері де назардан тыс қалмады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы