- Жалпы ережелер
- «Солтүстік Қазақстан облысыУәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай мәтін бойынша коммуналдық мемлекеттік мекеме) аудан аумағындағы мемлекеттік саясатты және ішкі саясат саласында мемлекеттік басшылықты жүзеге асыратын, мәдениет және тілдерді дамыту саласында жалпы жетекшілік және қызмет етеді, заңнамамен қарастырылған өкілеттілігі шеңберінде салааралық үйлестіру және басқа да қызмет атқаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мынадай ведомстволары бар:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жастар бастамаларының орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
1.2. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аудандық мәдениет Үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
1.3. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Егер заңнамаға сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемеуәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-кұқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151200 Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:
мемлекеттік тілінде: «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков акимата Уалихановского района Северо-Казахстанской области».
- Осы Ереже коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен коммуналдық мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- II. Коммуналдықмемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Миссиялары:
Аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессяиаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты тиімді жүзеге асыру, аудан тұрғындарының әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамыту, ауданның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, аудан аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында қызметтерін жүзеге асыру болып табылады.
- Міндеттері:
- ішкі саясат саласында жоспарлауды ұйымдастыру;
- аудандағы қоғамдық-саяси жағдайына мониторинг, талдау және болжау жасауды ұйымдастыру;
- саяси партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктер қызметін ұйымдастыру;
- аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;
- ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
- тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
- қоғамдық-саяси тақырыптардағы көрнекі ақпарат пен көрнекілік үгітке бақылау жасау.
- мәдениет, тіл саясаты, тарихи–мәдени мұра саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру, сонымен қатар аудан аумағы бойынша мәдениет, тіл саясаты, тарихи–мәдени мұра саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру;
- аудан аумағындағы бөлімге қатысты қызметінің салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы Заңнамасымен белгіленген бөлімге жүктелген өзге мақсаттарды жүзеге асыру.
- Функциялары
Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
- ауданның мемлекеттік органдарының ішкі саясат мәселелері жөніндегі жұмысын стратегиялық, жедел, оперативті жоспарлау, ішкі саясат саласында аудандық бірыңғай іс-әрекет жоспарын әзірлеу және келісу;
- ішкі саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру;
- ішкі саясат үрдістерін, аудандағы қоғамдық пікірдің жағдайын, азаматтардың электоральді көңіл-күйлерін, коммуналдық мемлекеттік органдар жұмысын жан-жақты талдау және сараптау;
- саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, діни бірлестіктер, қоғамдық пікір көшбасшыларының, миссионерлердің мәліметтер базасын қалыптастыру;
- ауданның мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмысын оқиғалар қатарлар және ішкі саясат саласындағы іс-әрекет жоспарының аясында медиа-жоспарлауды жүзеге асыру және үйлестіру;
- аудандық БАҚ-да ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыруды ұйымдастыру, олардың қызметіне заңнамаларды сақтауын мониторинг жүргізу;
- ауданда мемлекеттік жастар саясаты жұмысын үйлестіру;
- аудан аумағында таратылатын шетел бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асыру;
- жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмысын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының қызметін үйлестіру;
- Қазақстан Республикасында ҮЕҰ мемлекеттік қолдау Тұжырымдамасына сәйкес ҮЕҰ өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
- аудандағы қоғамдық үрдістерді демократияландыруға бағытталған аудандық қоғамдық - саяси және ғылыми - тәжірибелік шараларды әзірлеу және өткізу;
- аудан әкімдігі жанындағы азаматтық қоғам институттарымен байланыс және басқа консультативті - кеңесші органдардың жұмысын үйлестіру және өзара әрекет жасау.
- ауданның мәдени-демалыс ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру;
- аудан аумағындағы мәдениет саласында ғылыми - әдістемелік қызметтерді жүзеге асыру;
- театр, музыкалық өнерлердің, кітапхана мен мұражай істерінің дамуы бойынша мемлекеттік мәдениет мекемелерінің қызметтерін қолдау және үйлестіру;
- шығармашылық бірлестіктер мен меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдармен мәдениет сұрақтары бойынша өзара қатынасу;
- ауданның мемлекеттік мәдени ұйымдарды құру, жою және қайта құру бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
- аудандағы бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізілуін қамтамасыз ету, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіру.
- әр түрлі деңгейдегі халыққа қызмет көрсететін салаларға және әлеуметтік салаға мемлекеттік тілді насихаттау, енгізу;
- Қазақстандағы мемлекеттік тілді және басқа халықтардың тілдерінің қолдану аясын кеңейту бойынша кешенді шараларды және мемлекеттік тіл саясатын тиімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстарды жүзеге асыру мен әзірлеу;
- Құқықтары мен міндеттері:
- белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан өз функцияларың жүзеге асыруға қажетті мәліметтерді алуға, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың қызметкерлерін коммуналдық мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын сұрақтарды әзірлеуге тартуға, қажетті ұсыныстарды дайындауға уақытша жұмыс топтарын құруға құқылы;
- ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге, коммуналдық мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын сұрақтар бойынша ақпараттық-аналитикалық және басқа да материалдарды дайындауды жүзеге асыруға құқылы;
- коммуналдықмемлекеттік мекеме қызметінің саласына қатысты жергілікті атқарушы органдар мен лауазымды тұлғаларға тапсырмалар беруге, олардың орындалуы бақылау, және жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға құқылы;
- жергілікті деңгейде ақпараттық саясатты және т.б. жүргізуге мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру бойынша жергілікті бағдарламаларды қаржыландыру туралы ұсыныстар енгізуге құқылы;
- мемлекеттік жастар саясатын елдің ұзақмерзімді приоритеттеріне сәйкес жүзеге асыруға құқылы;
- адан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлерін еңбек ұжымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында лекциялық-насихаттау жұмыстарына тартуға құқылы.
III. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемеде басшылықты бөлімнің жүктелген міндеттерін орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысының өкілеттері:
- өзінің құқығы шегінде бұйрықтар береді;
- коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметтерінің жауапкершілік деңгейін және міндеттемелерін айқындайды;
- қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнінде шешім қабылдайды;
- коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысшыларына міндетті түрде орындалатын бұйрықтарына қол қояды және жарлық береді;
- коммуналдық мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға өкілдік етеді;
- республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді;
- ер азаматтар және әйелдердің тең құқықтығын заңнама кепілдігіне сай орындалуын қамтамасыз етеді;
- коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің антикоррупциялық құқықтарының заңдылықтарын сақтау үшін жауапкершілік етеді.
- басқада өкілеттік заңнамаларды жүзеге асырады.
- коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын басатын лауазымды тұлға орындайды.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлігі
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алыныған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзіне дербестендіріліп берілген мүлікті иесіздендіруге немесе басқа тәсілдермен өкімдік етуге құқығы жоқ.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе коммуналдық мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта
ұйымдастыру және тарату
- Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысын тоқтату
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызыметін тоқтату, қайтадан ұйымдастыру, (біріктіру, бөліну, қайтадан құру) және тарату мүмкіндігі бар.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеме уәкілетті меншік иесі келісімі бойынша таратылады.
- Коммуналдық мемлекеттік мекеменің таратылуы туралы шешім қабылдаған құрылтайшысы міндетті түрде жазбаша заңды тұлғалардың тіркелуін жүзеге асыратын заң органдарына хабарлайды.
- Құрылтайшы немесе коммуналдық мемлекеттік мекеменің таратылғаны туралы шешім қабылдағаннан орган кейін тарату комиссиясын белгілейді және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес тәртібін және коммуналдық мемлекеттік мекеменің тарату мерзімін белгілейді.
- Тарату комиссиясын белгілеген соң, оған коммуналдық мемлекеттік мекеменің іс басқару өкілеті ауысады. Тарату комиссиясы таратылатын коммуналдық мемлекеттік мекеменің атынан сотта сөз сөйлейді.
VII. Таратылатын коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі
- Коммуналдық мемлекеттік мекемені тарату кезінде уәкілетті меншік иесі, берешектердің талаптарынқанағаттандырғаннан кейін қалғанмүлік құзырлы мекемеге таратылады.
VІІІ. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс уақыты
және қарым-қатынастары
- Коммуналдық мемлекеттік мекемеменаудан әкімінің аппаратының қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады және реттеледі.
- Коммуналдық мемлекеттік мекемеменкоммуналдық мемлекеттік мекеменіңұжымының қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады және реттеледі.
- Коммуналдықмемлекеттік мекеменіңжұмыс уақыты 9:00 ден 18:00 ге дейін, аптасына 5 күн, түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 ге дейін.