Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық тек заңды бұзуды ғана емес, мемлекеттің тұрақты дамуына, әділеттілікке және азаматтардың құқықтарына елеулі қауіп төндіріп жатыр. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Уәлиханов ауданында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмысар жүргізілуде. Құқықтық мәдениетті арттыру, әдеп пен парасаттылық қағидаттарын нығайту мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында семинарлар, кездесулер мен түсіндіру іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады. Өскелең ұрпақтың бойында адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыратын «Адал ұрпақ» және «Заң мен тәртіп» жобалары шеңберінде жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінуде.
Ауданның мемлекеттік мекемелерінде «Ашық үкімет» қағидаты іске асырылады, ақпараттың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, қызметтердің электрондық форматтары енгізіледі, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндір беруде.
Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылған. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ауылдық округ әкімдіктерімен және Жастар ресірстық орталығымен бірлесіп, танымал мессенджерлер, ауданның мемлекеттік органдарының әлеуметтік желілері арқылы тақырыптық брошюралар мен парақшалар, бейнероликтер тарату бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Аталған ақпараттық материалдарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 нөмірі бойынша тәулік бойы және тегін колл-орталығы көрсетілген, онда тұрғындар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады. Ауылдық округ тұрғындары арасында барлығы 830 ақпараттық парақшалар, плакаттар таратылды, 75-тен астам бейнероликтер мен жарияланымдар орналастырылды.
2 аудандық баспа газетінде арнайы айдарлар жұмыс істейді, олардың негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұсынған материалдар мен журналистер пулының мақалалары жарияланады. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бекітілген медиа-жоспар шеңберінде халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттары туралы хабардар ету ұйымдастырылған.
Дәстүрлі түрде ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде түрлі іс-шаралар өткізіледі: дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, халықпен кездесулер, «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» ұранымен акциялар. Бұл іс-шаралардың басым бағыты сыбайлас жемқорлық стереотиптерінен бос жаңа ұрпақты қалыптастыру мақсатында адалдық пен әділдік қағидаттары негізінде жастарды тәрбиелеу болып табылады. Сондай-ақ, кәсіби қызметке этикалық нормалар мен стандарттарды енгізу, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру және азаматтық қоғамды заңның сақталуын бақылауға белсенді тарту мәселелері қамтылды. Осы бағыттардың барлығы біздің жұмысымызда дәйекті түрде жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, әрбір азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тани білуі және құқыққа қайшы әрекеттерге қарсы тұра алуы үшін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударып отырмыз. Осыған байланысты «Ашық есіктер» форматында іс-шаралар өткізіледі, сондай-ақ «Халық заңгері» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде тұрғындар өзекті мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес ала алады. Мәселен, ағымдағы жылдың 30 мамырында «Аманат» партиясының ғимаратында азаматтарды қабылдау бойынша жалпы республикалық «Халық заңгері» атты акциясы өтті, оның мақсаты халыққа тегін құқықтық көмек көрсету болды. Аудан тұрғындары түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері мен ауданның заңгерлері қатысты. Олар әлеуметтік қамсыздандыру, жер қатынастары, отбасы және тұрғын үй құқығы, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар бойынша түсініктемелер берді.
Ағымдағы жылдың 4 маусымында Уәлиханов ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп «Тәртіп батырлары күні» кең ауқымды акциясын өткізді. Акция аясында «Ару» СҮ, АК және ХҚКО ғимараттарында азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Ашық қабылдау барысында тұрғындар прокуратура, полиция және сот орындаушылары мамандарының білікті кеңестерін, сондай-ақ оларды толғандыратын құқықтық сұрақтарға нақты жауаптар алды. Бұл жүйелі жұмысты алдағы уақытта да жалғастырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруды көздеп отырмыз.
Сыбайлас жемқорлық құқықтық мемлекеттің негіздерін бұзады, экономикалық дамуды тежейді, азаматтардың билік пен әділеттілікке деген сенімін төмендетеді. Сондықтан бұл зұлымдықпен күресу барлық деңгейлерде басымдық болуы керек. Біз сыбайлас жемқорлықты жеңу жоғары құқықтық мәдениетсіз, билік әрекеттеріндегі ашықтықсыз және белсенді азаматтық ұстанымсыз мүмкін емес екенін түсінуіміз керек.
Бүгінде қоғамдық бақылаудың тиімді тетіктері енгізілуде, цифрлық сервистер дамуда, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы артуда. Алайда, сыбайлас жемқорлықты тек жүйелі шаралармен жеңу мүмкін емес екенін түсіну маңызды. Адалдық, ашықтық және әділдік тек заңнама нормаларына ғана емес, әр азаматтың ішкі сеніміне айналуы керек. Тек осылай ғана біз сыбайлас жемқорлыққа орын қалмайтын қоғам құра аламыз.
Уәлиханов ауданының әкімі
М. Абдулов