УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

  

 «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің

ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесіне толықтырулар еңгізу туралы

 

 

2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілері туралы» Заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының                               18 бабының 8 тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2020 жылдың 18 мамырдағы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 116 каулысымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне келесі толықтырулар еңгізілсін:

15 тармақ келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдансын және қарауы жүзеге асырылсын.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген толықтырулар тізбесі бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                 М. Абдулов                                      

 

Дата публикации
19 февраля 2025