18 діни бірлестік жұмыс істейді

 

Уәлиханов ауданында 18 діни бірлестік жұмыс істейді.

Діни қызмет өкілдерінің ресми органдардың қызметіне араласу фактілері тіркелген жоқ. Діни іс-шаралар діни ғимараттардан тыс жерде өткізілген жоқ. Жекелеген азаматтар мен топтардың жағдайды тұрақсыздандыру фактілері анықталған жоқ.

Ауданда 5 адамнан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді:

Аплесанова Гүлнар Сагитқызы - ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қалиев Сайран Бекмұханбетұлы - полиция бөлімі басшысының орынбасары, Егімбаева Күләш Нағымжанқызы - «Ақ орамал» ҮЕҰ-ның төрайымы, Балтабаев Марат Жұмағұлұлы - Кішкенекөл №1 орта мектебінің директоры, Жұмағұлова Бақыт Мұратбекқызы - Жастар ресурстық орталығының директоры.

Мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде 2 аудандық «Кызыл ту» және «Кішкенекөл таңы» баспа басылымдарында дін саласындағы мемлекеттік идеологияның негізгі басымдықтарын, оның ішінде «Конфессияаралық келісім және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл» тақырыбын мақсатты түрде көрсету ұйымдастырылды.

2023 жылдың 5 қаңтарында Аудан әкімімен «2023 жылға арналған конфессияаралық келісім және діни экстремизмнің алдын алуын насихаттау бойынша аудандық газеттерде мақалалар жария ету» жөніндегі медиа-жоспары бекітілді.

АТТ мүшелері тоқсан сайын дәрістер, ақпараттық-анықтамалық материалдар, экстремизмге қарсы және патриоттық бағыттағы бейне өнімдер, ақпараттық буклеттер, парақшалар және брошюралар түрінде қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі.

Уәлиханов ауданының аумағында терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында теріс ықпал ететін әлеуметтік шиеленіс анықталған жоқ.

Дата публикации
26 августа 2024