Негізгі басымдық - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!

 

Негізгі басымдық - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Әлеуметтік құбылыс ретінде ол мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қауіп төндіреді, мемлекетіміздің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор зиян келтіреді. Оның қоғамға және әрбір азаматқа теріс әсерін асыра бағалау өте қиын. Сондықтан ауданда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оған жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдануда, сондай-ақ тұрақты негізде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке тәрбиелеу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылып, жұмыс істейді, ол ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың маңызды құралы болып табылады. 2023 жылдың басынан бері 3 отырыс өткізіліп, 9 мәселе қаралды. Комиссия қызметінің басты басымдығы мемлекет басшысының осы салада қойған міндеттерін іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған. 

Жолдарды, мектептерді жөндеуге, құрылыс пен абаттандыруға бөлінген бюджетке бақылау жүргізетін Қоғамдық кеңес жұмыс істейді.  Жыл басынан бері онымен 3 отырыс өткізіліп, 4 мәселе қаралды, оның ішінде аудандық бюджеттің атқарылуы мен нақтылануы сұрағы күн тәртібіне қойылды. Бүгінгі күні Қоғамдық кеңес мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде қоғамдық бақылау мен халықтың пікірін есепке алудың тиімді институтына айналып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оны алдын алу жұмыстары жүйелі сипатта болуы қажет және қоғамдық өмірдің барлық саласында жүргізілуі тиіс. Осы мақсатта сыбайлас жемқорлаққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі Кешенді жоспар әзірленген. Осы Жоспар аясында ауданның барлық ауылдық округтерде, мәдениет және білім беру мекемелерінде 13750 адамды қамтитын 500-ден аса іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі және орта білім беру қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу бойынша 12 отырыс өткізілді. 776 оқушыны қамтитын "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубтары жұмыс істейді.

Айта кету керек, 2 жыл бұрын "Адалдық алаңы" жобасы аясында орталық аудандық кітапханада "Парасат жолы" орталығы ашылды. Қосымша 16 ауылдық кітапханаға "Парасат жолы" бұрыштары орнатылды. Негізгі мақсат-сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін қабылдамау идеясын тәрбиелеу болды. Бүгінгі таңда бұл орталық халықтың ұсыныстары мен идеялары үшін жақсы диалог алаңына айналып отыр.

Сонымен қатар, 20 қазан күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жүнісов Айдос Жаппарұлы ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келді. Ол ауданның кәсіпкерлерімен кездесу өткізіп, ауыл шаруашылық саласындағы субсидиялау, несие беру жөніндегі мәселелер талқылады. Осылайша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алғышарттарын айқында жұмыстары жүргізілуде.  

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресте және профилактикалық жұмыста үкіметтік емес ұйымдармен, аналар кеңестерімен, ақсақалдармен, ауданның этномәдени орталықтарымен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың маңызы зор. Қоғам өкілдері халықты, оның ішінде жастарды рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралардың белсенді қатысушылары екенін ерекше атап өткім келеді.  

Қазіргі уақытта азаматтық қоғам бұл демократиялық қайта құру мен модернизацияның негізгі құралдарының бірі. Сондықтан үкіметтік емес секторды қолдау және оны ауданның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша 300,0 мың теңге қарастырылды. Осылайша, "Номад-Қызылту" жастар қоғамдық бірлестігі тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша суреттер мен карикатуралар байқауын, жастар арасында пікірсайыс ойынын өткізіп, қоғамдық орындарда 40 үгіт-насихат және ақпараттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар, буклеттер орналастырды.   

Тиісті ақпараттық жұмыстар мессенджерлер, танымал пабликтер, ауданның мемлекеттік органдарының әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы брошюралар, бейнероликтер тарату бойынша жүргізіледі. Ауылдық округтер тұрғындарының арасында барлығы 13860 тақырыптық парақшалар таратылды, 650-ден астам бейнероликтер мен жарияланымдар орналастырылды, 4 баннер орнатылды. 2 аудандық газеттерде "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!", "Сыбайлас жемқорлық – тосқауыл", "Өзіңнен баста" және т.б. айдарларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұсынған материалдар және журналистер пулының мақалалары тұрақты негізде жарияланады. Жыл басынан бері баспа БАҚ-та сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 26 материал жарияланды.

Аталған кешенді шаралар бізге ауданның түрлі нысаналы топтары деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізуге мүмкіндік беруде.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізілді. "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі пайдалануға берілді, ол бірінші кезекте өтініштерді қарау процестерінің ашықтығын және оңтайландырылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап аудан әкімінің аппаратына 545 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер мерзімінде қаралып, өтініш берушілерге жазбаша түрде жауаптар берілді. Менің жеке қабылдауыма 116 адам болды.  Азаматтардың барлық өтініштері жеке бақылауымда.

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қатаң сақталады, бұл сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар жасауға жол бермеу жөніндегі маңызды фактор болып табылады. Бұл ретте электрондық қызметтер саны артып келеді. Осы басымдықты іске асыру мақсатында аудан әкімінің аппаратымен халықты ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

39 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы (connection point) жабдықталған, барлығы қолжетімді режимде жұмыс істейді, онда жыл басынан 10 021 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Аудан әкімі аппаратында, Тельжан мен Бидайық ауылдық округтерінде "Ашық әкімдік" фронт-офисі жұмыс істейді. Фронт-офисте 5 адам халықты жұмыспен қамту, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдайды, сондай-ақ заң мәселелері бойынша адвокат кеңес береді.

Біздің басты міндетіміз-сапалы қызмет көрсету, халықтың толғандыратын сұраныстарына жауап беру. Әрине, біз осы бағытта жұмыс істеуді жалғастыратын боламыз. 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу керек және оны бірге жасау аса маңызды. Егер қоғамның өзі, әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға батылы бармаса, ал мемлекеттік басқару тиімсіз болса, бұл жұмыс өзінің нәтижесіне ешқашан жетпейді. Сондықтан мен барлығын осы мәселеде белсенді болуға шақырамын. Сонда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түбіне жету мүмкін болмақ.

 

 Негізгі басымдық - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!
Дата публикации
31 января 2024