Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы аналитикалық анықтама
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – бөлім) қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Ішкі талдау қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама бөлім басшысының 2026 жылғы 20 мамырдағы №24 бұйрығымен құрылған жұмыс тобының құрамымен әзірленді:
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы – Мамилина Бақытжан Асылбекқызы;
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы – Ахметова Армангүл Саятқызы;
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы – Рамазан Гүлмира Қайратқызы;
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері – Жұмажанова Анар Кенжебайқызы;
«Ақ орамал» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Егімбаева Күләш Нағымжанқызы.
Ішкі талдауды жүргізуге басшылық жасау, үйлестіру және оның нәтижелері үшін жауапкершілік Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Рамазан Гүлмира Қайратқызына жүктелді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің бағыттары:
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізілген кезең: 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 1 мамырға дейін.
Бөлім ауданның ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ бөлім туралы Ережені басшылыққа алады.
Мемлекеттік органның штаттық саны – 8 бірлік, нақты жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 5 бірлік. Бос лауазымдар бар. Оның ішінде бөлім басшысы – 1, бас мамандар – 2, шарт бойынша қызметкерлер – 2.
Ішкі талдау барысында мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылып, келесі нормативтік құқықтық актілер зерделенді:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығы «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» және басқа да нормативтік құқықтық актілер.
2025 жылы жоспарланған 4 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсы және 2026 жылы жоспарланған 4 конкурс толық көлемде жүзеге асырылды. Барлығы – 8 мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізілді. Аукцион тәсілімен сатып алулар жүргізілмеген.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қолданыстағы қағидаларға сәйкес нақтыланып, бекітіледі, сондай-ақ есепті кезең ішінде қажетті өзгерістер енгізіліп отырады.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақытылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілмеген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін өкілеттіктер мен нормалардың жоқ екендігі анықталды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын іске асыру мақсатында жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде бақылау функцияларының жоқ екендігі, сондай-ақ бөлімнің қызметінде және функцияларын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің анықталмағаны белгіленді.
Бөлімде 8 (71542) 21-1-45 сенім телефоны жұмыс істейді. Бөлім басшысы болмаған жағдайда жауапты тұлға ретінде Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Рамазан Гүлмира Қайратқызы белгіленген.
Талдау жүргізілген кезеңде сенім телефонына өтініштер мен қоңыраулар түскен жоқ.
Жұмыс тобы мүшелері:
Ахметова А.С.
Мамилина Б.А.
Рамазан Г.Қ.
Жұмажанова А.К.
Егімбаева К.Н.