GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Бөлім туралы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
30 сентября 2026
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 2027 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Қазақстан Республикасының салық кодексінің 726-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты                        ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2027 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға (шығыстарды есепке алмағанда) дейін төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Уәлиханов аудандық

мәслихатының төрағасы                                      С. Сәниев

25 сентября 2026
БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП КҮНІ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бақылау-қадағалау органдары есебінің бірыңғай күні» 2019 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Кездесудің негізгі мақсаты бизнес-қоғамдастықпен кері байланыс орнату, заңнамадағы инновациялар туралы, сондай-ақ жиі анықталатын бұзушылықтар және оларды болдырмау жөніндегі ұсынымдар туралы хабардар ету болып табылады.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бизнес-қоғамдастық алдында «Бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні» өткізілді, Уәлиханов ауданының кәсіпкерлік субъектілері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

14 сентября 2026
Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 15:00 (қатысушыларды тіркеу сағат 14:30 басталады) Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтеді. Қатысуға облыс кәсіпкерлері шақырылады.

Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша конструктивті шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін және Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың алдын алуды талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі.

Бірыңғай есеп беру күні Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1-қабат (үлкен зал) мекенжайы бойынша өткізіледі. Облыс аудандарының кәсіпкерлері аудандық әкімдіктерде Бейнеконференцбайланыс (БКБ) арқылы қатыса алады.

Іс-шараға қатысу бойынша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7152) 36-13-62 («Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ).

28 апреля 2026
Тракторлар мен олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, олардың тіркемелері, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарға арналған 2026 жылғы жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау.
02 октября 2025
Турнир по волейболу и настольному теннису среди организаций

Сегодня в рамках государственного социального заказа отделом спорта Уалихановского района, МОО «Номад-Кзылту» провели турнир по волейболу и настольному теннису среди организаций.
Волейбол
В упорной борьбе приняли участие команды:
• КСШ №1
• Школа-гимназия
• КГУ СШ Бидайыкского сельского округа
• КГУ СШ Актуесайского сельского округа
Все команды показали высокий уровень подготовки и командного духа.
По итогам соревнований:
🥇 1 место – КСШ №1
🥈 2 место – КГУ СШ Бидайык
🥉 3 место – КГУ СШ Актуесай
Победители и призёры были награждены кубками, медалями и почётными грамотами.
🏓 Настольный теннис
В турнире по настольному теннису участвовали 11 спортсменов.
Результаты:
🥇 Тютюбаев Куаныш (КГП на ПХВ НЦЭ)
🥈 Омаров Дархан (ДЮСШ)
🥉 Бейсенбеков Куат (КГУ Актуесайская СШ)
Все участники получили медали, кубки и почётные грамоты. Турнир прошёл в дружеской и спортивной атмосфере, подарив участникам заряд энергии, положительные эмоции и новые достижения!
24.09.2025г В селе Кишкенеколь состоялся турнир по бильярду на кубок района среди организаций, в котором приняли участие 10 человек.
🏆 По итогам турнира:
🥇 Жунусов Медет — 2-х кратный чемпион Уалихановского района
🥈 Таткеев Елюбай — 2 место
Искендиров Болат — 3 место
🎖 В номинации «Самая длинная серия» (5 шаров подряд) награждён Таткеев Елюбай.
Огромное спасибо всем участникам турнира за азартную игру и спортивный дух!
Выражаю огромную благодарность
Ип «Мусаева» в лице Санжара Маратовича за предоставленный зал и атмосферу

Кәсіпкерлік
26 сентября 2025
БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП КҮНІ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бақылау-қадағалау органдары есебінің бірыңғай күні» 2019 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Кездесудің негізгі мақсаты бизнес-қоғамдастықпен кері байланыс орнату, заңнамадағы инновациялар туралы, сондай-ақ жиі анықталатын бұзушылықтар және оларды болдырмау жөніндегі ұсынымдар туралы хабардар ету болып табылады.

2025 жылғы 25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бизнес-қоғамдастық алдында «Бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні» өткізілді, Уәлиханов ауданының кәсіпкерлік субъектілері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

12 сентября 2025
Хаттама

Өткізілген күні:  2025 ж. 12.09.

Уақыты:  сағат 11:00-де

Өткізілеген орны: Уәлиханов ауданы,  Кішкенекөл ауылы,                         Жамбыл  көшесі, 76

 

Қатысқандар: бөлім қызметкерлері

 

Төрағалық етті: Хусаинова А.Қ. – кәсіпкерлікті дамыту бойынша бас маманы

 

 

Күн тәртібі:

  1. Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнаманы сақтау мәселелері жөніндегі 2025 жылғы 26 тамызда өткізілген кеңестің хаттамасымен танысу және іске асыру туралы.

 

           Бөлім қызметкерлеріне тапсырылды:

  1. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заң талаптарын қатаң сақтау, заңнаманың бұзылуына жол бермеу.
  2. Барлық шығыс құжаттар мемлекеттік тілде дайындалуы, шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі ілеспе хаты мен қосымшалары болмаған жағдайда кеңсе қызметкерінің оны қабылдамау тәжірибесін еңгізу.
  3. Кіріс құжаттар мемлекеттік тілде болмаған жағыдайда кері қайтару тәжірибесін енгізу.
  4. Бөлім қызметкерлері тарапынан әзірленетін құжаттар мемлекеттік және ресми тілдерде дайындалуы тиіс.
  5. Интернет-ресурсқа, әлеуметтік желілерде жарияланатын ақпараттар қазақ және орыс тілдерінде енгізілуі керек.
  6. Әріптестер арасында, отбасында мемлекеттік тілде сөйлеу тәжірибесін енгізу қажет.

 

 

           Кәсіпкерлікті дамыту

          бойынша бас маманы                                                 А. Хусаинова

 

11 сентября 2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №53 бұйрығын орындау үшін бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында «Бірыңғай есеп күні»  2025 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 16:00-де мына мекен-жай бойынша өтеді: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1 қабат (үлкен зал).

 

Отырысқа қосылу бейнеконференция байланысы арқылы жүргізілетін болады.

 

06 сентября 2025
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 2026 жылға арналған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихаты шешіміне баспасөз релизі

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының  «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 2026 жылға арналған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы

«Қазақстан Республикасының салық кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 715-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді.

Осы жобаның мақсаты Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендету.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында                  2025 жылғы 05 қыркүйектен бастап 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда орналасқан, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15590618.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы әкімдігінің

кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімі» КММ-нің

басшысы                                                                     Ж. Хасенов

 

03 сентября 2025
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 2026 жылға арналған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

«Қазақстан Республикасының салық кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 715-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Уәлиханов аудандық

мәслихатының төрағасы                                     С. Сәниев

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы