08 қыркүйек күні «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы денешынықтыру және спорт бөлімі» КММ-нің басшысы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру жұмыстарын бөлім қызметкерлерімен өткізді.
Бөлім басшысы барлық құжаттар ( кіріс-шығыс құжаттар, бұйрықтар,хаттамалар,өтініштер) мемлекеттік тілде рәсімделіп, қажет болған жағдайда ресми тілдегі нұсқасы әзірленуі керектігін түсіндіріп айтты.
"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ 2024 жылғы 10 мамыр мен 22 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу кезінде жұмыс тобының құрамына қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2024 жылғы 4 мамырға дейін 2-14-25 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау;
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес талдамалық анықтама дайындау;
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының тізбесін қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің осы үлгілік қағидаларының 25-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау.
Ағымдағы жылдың 26-27 ақпан аралығында аудан орталығында Дене шынықтыру сауықтандыру кешенінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығаруына арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті.
Ақпан айының 22-25 аралығында Қызылжар ауданы Бескөл ауылында "Солтүстік-2024" қысқы спорттық мерекесі өтті .Аудан намысын спортшылар шаңғымен және шорт-тректен қорғады.Шорт-тректен 500 м және 333 м қашықтықта ерлер арасында Садыков Думан күміс жүлдегер болса, 500 м-ге қыздар арасында Тайбасарова Ажар қола жүлдеге ие болды.Спортшыларымызды жеңіспен құттықтаймыз!