Уәлиханов ауданының
2025 жылдың наурыз айының 1-не әлеуметтік - экономикалық
дамуының нәтижелері туралы анықтама
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар-ақпан айының статистикалық деректерге cәйкес, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудан бойынша өнеркәсіп өнімдер өндірісінің көлемі - 20,2%; ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы – 2,9%-ға; негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі-2,6%-ға; тұрғын үй құрылысы – 2,3%-ға артты.
Өнеркәсіп
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар-ақпан айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 367,9 млн.теңге құрады (2024 ж. қаңтар-ақпан айында – 241,8 млн. теңге). Нақты көлем индексі 120,2 % құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде көлемі 190,6 млн. теңгенi немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 112,9% құрады;
Өңдеу өнеркәсібінде көлемі 99,2 млн. теңгенi немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 127,4% құрады;
Электрэнергиясымен жабдықтау саласында көлемі 73,4 млн. теңгенi немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 126,2% құрады;
Сумен жабдықтау саласында көлемі 4,6 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 92,7% құрады.
Ауыл шаруашылығы
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар-ақпан айының статистикалық деректерге cәйкес, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы шығарылымы 1167,5 млн. теңгенi немесе 102,9% (2024 ж. қаңтар-ақпан айында – 1204,1 млн.теңге).
2025 жылғы қаңтар-ақпан айында ауданда мал мен құс еті тірідей салмақта союға өткізілгені 646,7 тонна құрады немесе 103,3% (2024 ж. қаңтар-ақпан айында – 626,0 тонна);
Сауылған сиыр сүті – 2059,9 тонна құрады немесе 104,6% (2024 ж. қаңтар-ақпан айында – 1969,8 тонна); 20,2 мың дана жұмыртқа алынды немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне – 106,3% (2024 ж. қаңтар-ақпан айында – 19,0 мың дана).
2025 жылдың наурыз айының 1-не мал басы мен құс саны
(мың бас)
|
Атауы |
Мал басы, мың бас |
2024 жылдың сәйкес кезеңіне өзгеруі |
|||
|
Облыс бойынша 2025 ж. 01.03. |
Аудан бойынша |
% |
Мың бас ( +-) |
||
|
2025 ж. 01.03. |
2024 ж. 01.03. |
||||
|
ІҚМ саны, оның ішінде |
318,6 |
38,9 |
37,2 |
104,6 |
+1,7 |
|
сиырлар |
149,5 |
18,2 |
18,3 |
99,6 |
-0,1 |
|
Қой мен ешкі |
387,5 |
32,5 |
27,9 |
116,3 |
+4,6 |
|
Жылқы |
142,6 |
24,5 |
21,5 |
114,2 |
+3,0 |
|
Шошқа |
133,7 |
0,17 |
0,23 |
74,6 |
-0,06 |
|
Құстар |
3503,7 |
9,96 |
9,95 |
100,1 |
+0,01 |
2025 жылдың наурыз айының 1-не мал басының артуы байқалады: ІҚМ саны – 4,6%-ға (38,9 мың бас), қой мен ешкі саны – 16,3% -ға (32,5 мың бас); жылқы саны – 14,2% -ға (24,5 мың бас), құс саны – 0,1%-ға (9,96 мың бас).
Сиыр саны 0,4% – ға (18,2 мың бас), шошқа саны – 25,4%-ға (0,17 мың бас) азаюы байқалады.
Тұрғын үй салу және пайдалануға беру
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар-ақпан айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда 317 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ 102,3 % құрады (2024 жылғы қаңтар-ақпан айында - 310 ш. м).
Инвестициялар
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар-ақпан айының статистикалық деректеріне cәйкес, негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 686,6 млн. теңге құрады (2024 ж. қаңтар-ақпан айында – 608,1 млн.теңге), НКИ-102,6%.
Жеке инвестициялар көлемі 686,6 млн. теңге құрады (2024 ж. қаңтар-ақпан айында - 459,9 млн.теңге), НКИ-135,7%.
Бөлшек сауда
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар-ақпан айының статистикалық дерегіне cәйкес, бөлшек сауда желісі арқылы 567,3 млн. теңгеге тауар сатылған (2024 ж. қаңтар-ақпан айында – 524,7 млн.теңге), НКИ 100,1% құрады.
2025 жылғы қаңтар-ақпан айында сауда жасайтын кәсіпорындарымен 104,6 млн. теңгеге, жеке кәсіпкерлерімен – 462,7 млн. теңгеге тауар сатылды.
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілердің саны 803 бірлікті құрады (2024 ж. 01.03.- 832 бірлік), оның ішінде: заңды тұлғалар – 95 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 384 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары - 324 бірлік.
Әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, аудан бойынша 2024 жылғы қаңтар – желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 255637 теңгені құрады (2023ж.қаңтар - желтоқсан айларында - 227334 теңге), 2023 жылдың сәйкес кезеңіне өсімі 12,4% құрады. Нақты жалақы индексі 102,9% құрады.
Салалық құрылымда ең жоғары жалақы:
- тау-кен өнеркәсібінде – 631214 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 2,5 есеге жоғары;
Келесі салалар бойынша қызметкерлердің еңбекақысы орташа аудандық деңгейінен төмен:
-білім беру саласында – 249837 теңге құрады немесе 2% төмен;
– денсаулық сақтау саласында- 247751 теңге құрады немесе 3% төмен;
- көлік және жинақтау саласында- 142924 теңге құрады немесе 1,8 есе төмен.
Демография
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, 2025 жылдың қаңтар-ақпна айының 1-не ауданның халық саны 12171 адам құрады (2024 ж. 01.02.- 12863 адам). 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, халықтың саны 692 адамға немесе 6 %-ға азайды.
2025 жылы қаңтар айында халықтың табиғи өсімі 8 адам (2024 ж.қаңтар айында – 8 адам) құрады.
2025 жылғы қаңтар айында тіркелген туғандар саны 13 бала (2024 ж. қаңтар айында – 15 бала туылды). Қайтыс болғандар саны 5 адам құрады немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 адамға кем (2024 ж.қаңтар айында – 7 адам).
2025 жылдың қаңтар айында ауданға 57 адам келді, кеткені 125 адам, көші-қон айырымы (-68) адам болды. 2024 жылдың сәйкес кезеңінде - 44 адам келді, кеткені 121 адам, көші-қон айырымы (-77) адам.
Бөлім басшысы С.Шегебаева