2025 жылғы 1 тоқсандағы "СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Жұмыс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 06 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген қағидалар негізінде жүргізіледі.

2025 жылдың 3 айында СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімімен 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2025 жылға арналған жоспар бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген 7 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 66 844 мың теңге жоспарланған аудандық орталықта 2500 АЕК немесе 9 830 000 теңгеден аспайтын және ауданның қалған ауылдарында әр маманға 2000 АЕК немесе  7 864 000 теңгеден аспайтын бюджеттік кредиттер төлеуге ақшалай қаражат көзделген.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы төлеуге 40 маманға 100 АЕК немесе әр маманға 393 200 теңге мөлшерінде 15 728 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.

2025 жылдың 3 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

2025 жылғы 1 тоқсандағы "СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" КММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп
Дата публикации
09 апреля 2025