2025 жылдың ақпан айының 1-іне
Уәлиханов ауданының әлеуметтiк-экономикалық паспорты
Аудан әкiмi – Абдулов Мұрат Тоқмағанбетұлы 2024 жылдың ақпан айынан аудан әкiмi лауазымын атқаруда.
Уәлиханов ауданы – Қзылту ауданы 1928 жылы құрылды, 1997 жылы Уәлиханов ауданына аты өзгерілді.
Уәлиханов ауданы Көкшетау облысы Қызылту ауданының он бес шаруашылығы және Уәлиханов ауданының алты шаруашылығы базасында құрылды.
Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында орналасқан. Солтүстiкте және солтүстiк-шығысында Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығысында- Павлодар облысымен, оңтүстiк және оңтүстiк-шығысында -Ақмола облысымен, батыста — Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданымен шектеседi.
Аумағы — 12876,6 шаршы километр, облыстық аумағынан 13,1 пайызды алып отыр.
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуi (2025 ж.01.02.)
|
Аудан орталығының атауы |
Кiшкенекөл селосы |
|
Облыс орталығына дейiн қашықтығы |
350 км |
|
Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi |
11 |
|
Сонын ішінде: аудандық бағынудағы қалалар |
- |
|
Селолық /ауылдық/ округтерi |
11 |
|
Елдi мекен саны |
24 |
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес 2025 жылғы қаңтар айының 1-не халық саны 12231 адам немесе жалпы облыс халқының 2% құрады.
|
Халықтын көшi-қоны:
|
||||||
|
|
2019 ж. |
2020 ж. |
2021 ж. |
2022 ж. |
2023 ж. |
2024 ж. қаңтар-желтоқсан |
|
Келуi, адам саны |
866 |
520 |
418 |
397 |
564 |
608 |
|
Кетуi, адам саны |
1149 |
920 |
767 |
813 |
911 |
1385 |
|
Көшi-қон сальдосы(+/-): |
-283 |
-400 |
-349 |
-306 |
-347 |
-777 |
|
Демографиялық көрсеткіштер: |
||||||
|
Туғандар саны |
258 |
231 |
242 |
212 |
210 |
179 |
|
Өлгендер саны |
116 |
126 |
133 |
102 |
107 |
99 |
|
Табиғи өсім |
142 |
105 |
109 |
110 |
103 |
80 |
Табиғи ресурстары
Уәлиханов ауданының аумағы батыстан шығысқа дейiн 70 км, солтүстiктен оңтүстiкке дейiн 178 километрден астам созылып жатыр.
Ауданның аумағының жер беделi екi класқа бөлiнедi: ұсаққұмдақ және жазық.
Аудан аумағының жер қыртыстары негiзiнен кәдуiлгi және оңтүстiк қара топырақты болып келедi.
Пайдалы қазбалардан балшық, құм, қиыршық тас, iзбес /әк/ тасы, сондай-ақ Чехов кен орнында силикат құмының теңдесi жоқ бiрегей қоры бар.
Аудан орталығының оңтүстiк беткейiнде, Аққұдық селосының аумағында жерасты таза ауыз су көзi — Есдәулет бұлағы бар. Теке көлi, 260 шаршы метр айнадай жарқыраған алқапты алып жатыр, күкiрт-сутегiндiк дәрулiк ылайдың- көкшiл сордық анағұрлым көп қорына ие.
Ауданның аумағында көлдер торабы да дамыған: Сiлетi теңiзi, Теке, Кiшкенекөл, Саржан, Қондыбай қопасы және басқада үлкендi-кiшiлi су қоймалары.
Өзендердiң, көлдердiң және бөгендер мен тоғандардың су тепе-теңдiгi атмосфералық дымқылға байланысты болады.
Өсiмдiктер негiзiнен далалық. Ауданның солтүстiк бөлiгiнде қайын және қайын-терек шоқ ағаштары басым келедi. Жануарлар әлемiн алсақ: қоян, түлкi, борсық, суыр, қасқыр ж.б. жиi кездеседi. Көлдер мен өзендерде және бөгендерде табан, шабақ, алабұға, бүрге балық, шортан, қара балық мекендейдi.
Ауа райы континенттi: қысы суық, қар ұзақ жатады, әдеттегiдей жазы ыстық, күн шуақты ашық болып келедi.
Ылғалдың орташа жылдық мөлшерi 279-312 мм.
Өнеркәсiп
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар айының статистикалық деректеріне cәйкес өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең үлкен көлемі өңдеу өнеркәсібі – 38%, тау-кен өнеркәсібі – 31%, электрмен жабдықтау саласы –29 % тиесілі.
Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 150,3 млн. теңге, нақты көлем индексі 112,7% құрады.
Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 57,5 млн. теңге құрады немесе 100%, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 46,3 млн. теңге немесе 100%, электрмен жабдықтау саласының көлемі – 44,1 млн. теңге немесе 134,9%, сумен жабдықтау саласының көлемі – 2,4 млн. теңге немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 100 % құрады.
Ауыл шаруашылығы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар айының статистикалық деректеріне cәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 608 млн.теңге құрады, нақты көлем индексі – 100,7%.
Ауданда мал мен құс еті тірідей салмақта союға өткізілгені 450,7 тонна немесе 100,7%.
Сауылған сиыр сүті 767,9 тонна құрады немесе 104,9%; 10,3 мың дана жұмыртқа алынды немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 108,4%.
2025 жылдың ақпан айының 1-не мал мен құстың келесі түрлерінің саны өсуі байқалады: ІҚМ саны – 4,2%-ға (33,9 мың бас); қой мен ешкі саны – 5,1 % -ға (32,7 мың бас); құс саны – 0,1 %-ға (9,9 мың бас).
Шошқа саны – 24% (0,19 мың бас) сиыр саны – 2,5 %-ға (17,4 мың бас); жылқы саны – 4% -ға (24,6 мың бас) азаюы байқалады.
Тұрғын үй құрылысы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар айының статистикалық деректерге cәйкес ауданда 54 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 145,9% құрады.
2025 жылғы қаңтар айында құрылыс жұмыстары жүргізілмеген.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар айының статистикалық деректерге cәйкес негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 234,9 млн.теңге құрады, НКИ- 103,6 % құрады.
Жеке инвестициялар көлемі 234,9 млн. теңге құрады, НКИ- 103,6%.
Сауда
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2025 жылғы қаңтар айының статистикалық деректерге cәйкес бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 263,6 млн.теңге құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңіне 100,3% құрады.
Инфрақұрылым
Уәлиханов ауданының автомобильдік жолдарының ұзындығы 571,5 км, оның ішінде: 74 км — республикалық маңыздағы, 223 км — облыстық маңыздағы, 274,5 км — аудандық маңыздағы жолдар.
Ауданда: «Аctiv», «Кcell», «Аltel», «Beeline», «Теlе 2» ұялы байланыстар пайдалануда.
Ауыз сумен қамтамасыз ету
Ауданда барлығы 24 елді-мекен бар. Таза ауыз сумен 24 АЕМ қамтамасыз етілді немесе 100 %.
Ауданды жылумен қамтамасыз ету
Ауданда білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әкімшілік ғимараттарын және 5 көппәтерлік тұрғын үйді жылу мен қамтамасыз ететін 49 жылыту қазандықтары бар.
Электржабдықтау
Әуе электр желілерінің ұзындығы 973,83 км құрайды. 158 дана трансформаторлы подстанциялар бар.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, аудан бойынша 2024 жылғы қаңтар – желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 255637 теңгені құрады (2023ж.қаңтар - желтоқсан айларында - 227334 теңге), 2023 жылдың сәйкес кезеңіне өсімі 12,4% құрады. Нақты жалақы индексі 102,9% құрады.
Салалық құрылымда ең жоғары жалақы:
- тау-кен өнеркәсібінде – 631214 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 2,5 есеге жоғары;
Келесі салалар бойынша қызметкерлердің еңбекақысы орташа аудандық деңгейінен төмен:
–білім беру саласында - 249837 теңге құрады немесе аудандық деңгейден 2% төмен;
- денсаулық сақтау саласында- 247751 теңге құрады немесе аудандық деңгейден 3% төмен;
-көлік және жинақтау саласында-142924 теңге құрайды немесе 1,8 есе төмен.
Бiлiм беру. 2024– 2025 оқу жылы аудан бойынша жалпы білім беру мектептердің саны 24 бірлік құрайды, оның ішінде: 18 орта мектеп, 6 негізгі мектеп. Аудан орталығында 2 бөбекжай бақшалары жұмыс істейді.
Бастапқы кәсіптік оқыту Уалиханов ауылшаруашылық колледжінде жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау. 2025 жылғы қаңтар айының 1-не ауданның денсаулық сақтау жүйесі медициналық ұйымдардың желісімен ұсынылған: 61 төсектік 1 орталық аудандық аурухана, 2 дәрігерлік амбулатория, 21 медпункт .
Дәрігерлер саны 23 адам құрайды, орта медициналық қызметкерлер саны 113 адам.
Мәдениет. 2025 жылғы қаңтар айының 1-не мәдениет мекемелерінің желісі 35 бірлікті құрады: 17 клуб және 18 кітапхана.
Спорт. Аудан бойынша барлығы 126 спорт нысандары жұмыс істейді. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 6300 адам құрады.
Қоғамдық-саяси, қоғамдық және діни бірлестіктер
Ауданда 18 дiни мұсылман бiрлестiгі бар (5 мешiт, 13 намазхана).
Қоғамдық-саяси партиялар:
Үкіметтік емес ұйымдар:
Ұлттық мәдени орталықтар:
Ауданда 10 ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс iстейдi.
Басшы С.Шегебаева