Уәлиханов ауданының
2025 жылдың қаңтар айының 1-не әлеуметтік - экономикалық
дамуының нәтижелері туралы анықтама
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айының статистикалық деректерге cәйкес, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы – 1,6 есеге; негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі-29,6%-ға; тұрғын үй құрылысы – 10,5%-ға артты.
Өнеркәсіп
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 1738,2 млн.теңге құрады (2023 ж. қаңтар-желтоқсан айында – 2020,4 млн. теңге). Нақты көлем индексі 88,9 % құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде көлемі 539,9 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 87,1% құрады;
Өңдеу өнеркәсібінде көлемі 879,9 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 105,5% құрады;
Электрэнергиясымен жабдықтау саласында көлемі 295,3 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 97,4% құрады;
Сумен жабдықтау саласында көлемі 23,2 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 84,4% құрады.
Ауыл шаруашылығы
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айының статистикалық деректерге cәйкес, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы шығарылымы 34775,1 млн. теңгенi, НКИ-1,6 есе құрады.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айында ауданда мал мен құс еті тірідей салмақта союға өткізілгені 4573,1 тонна құрады немесе 94,0% (2023 ж. қаңтар-желтоқсан айында – 4864,1 тонна);
Сауылған сиыр сүті – 33228,5 тонна құрады немесе 106,0% (2023 ж. қаңтар-желтоқсан айында – 31355,6 тонна); 686,9 мың дана жұмыртқа алынды немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне – 100,1% (2023 ж. қаңтар-желтоқсан айында – 686,1 мың дана).
2025 жылдың қаңтар айының 1-не мал басы мен құс саны
(мың бас)
|
Атауы |
Мал басы, мың бас |
2023 жылдың сәйкес кезеңіне өзгеруі |
|||
|
Облыс бойынша 2025 ж. 01.01. |
Аудан бойынша |
% |
Мың бас ( +-) |
||
|
2025 ж. 01.01. |
2024 ж. 01.01. |
||||
|
ІҚМ саны, оның ішінде |
276,9 |
32,0 |
31,5 |
101,6 |
+0,5 |
|
сиырлар |
140,0 |
16,9 |
15,9 |
106,3 |
+1,0 |
|
Қой мен ешкі |
395,1 |
34,2 |
32,1 |
107,0 |
+2,1 |
|
Жылқы |
146,4 |
22,4 |
21,3 |
105,0 |
+1,1 |
|
Шошқа |
125,7 |
0,2 |
0,2 |
82,4 |
-0,04 |
|
Құстар |
3317,3 |
10,2 |
10,2 |
100,1 |
+0,01 |
2025 жылдың қаңтар айының 1-не мал басының артуы байқалады: ІҚМ саны – 1,6%-ға (32,0 мың бас), сиыр саны 6,3% – ға (16,9 мың бас), қой мен ешкі саны – 7% -ға (34,2 мың бас); жылқы саны – 5% -ға (22,4 мың бас), құс саны – 0,1%-ға (10,2 мың бас).
Шошқа саны – 17,6%-ға (0,2 мың бас) азаюы байқалады.
Тұрғын үй салу және пайдалануға беру
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда 3190 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ 110,5 % құрады (2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айында - 2886 ш. м).
2024 жылғы қаңтар - желтоқсанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5601,3 млн. теңгені құрады (2023 жылғы қаңтар – желтоқсан айында -5443,8 млн.теңге) НКИ – 100%.
Инвестициялар
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айының статистикалық деректеріне cәйкес, негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 12571,8 млн. теңге құрады (2023 ж. қаңтар-желтоқсан айында – 9408,4 млн.теңге), НКИ-129,6%.
Жеке инвестициялар көлемі 7140,4 млн. теңге құрады (2023 ж. қаңтар-желтоқсан айында - 7057,8 млн.теңге), НКИ-98,1%.
Бөлшек сауда
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айының статистикалық дерегіне cәйкес, бөлшек сауда желісі арқылы 3241,5 млн. теңгеге тауар сатылған (2023 ж. қаңтар-желтоқсан айында – 3428,2 млн.теңге), НКИ 88,6% құрады.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айында сауда жасайтын кәсіпорындарымен 940 млн. теңгеге, жеке кәсіпкерлерімен – 2301,5 млн. теңгеге тауар сатылды.
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілердің саны 806 бірлікті құрады (2024 ж. 01.01.- 846 бірлік), оның ішінде: заңды тұлғалар – 95 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 384 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары - 327 бірлік.
Әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, аудан бойынша 2023 жылғы қаңтар – қыркүйек айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 253435 теңгені құрады (2023ж.қаңтар - қыркүйек айларында - 222841 теңге), 2023 жылдың сәйкес кезеңіне өсімі 13,7% құрады. Нақты жалақы индексі 104,1% құрады.
Салалық құрылымда ең жоғары жалақы:
- тау-кен өнеркәсібінде – 567395 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 2,2 есеге жоғары;
Келесі салалар бойынша қызметкерлердің еңбекақысы орташа аудандық деңгейінен төмен:
– денсаулық сақтау саласында- 249388 теңге құрады немесе 2% төмен;
- мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында - 241467 теңге құрады немесе 5% төмен;
- көлік және жинақтау саласында- 142389 теңге құрады немесе 1,8 есе төмен.
Демография
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, 2024 жылдың желтоқсан айының 1-не ауданның халық саны 12301 адам құрады (2023 ж. 01.12.- 12976 адам). 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, халықтың саны 675 адамға немесе 5 %-ға азайды.
2024 жылы қаңтар-қараша айында халықтың табиғи өсімі 73 адам (2023 ж.қаңтар-қараша айында – 89 адам) құрады. 2024 жылғы қаңтар-қараша айында тіркелген туғандар саны 163 бала (2023 ж. қаңтар-қараша айында – 191 бала туылды). Қайтыс болғандар саны 90 адам құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 адамға кем (2023 ж.қаңтар-қараша айында – 102 адам).
2024 жылдың қаңтар-қараша айында ауданға 567 адам келді, кеткені 1267 адам, көші-қон айырымы (-700) адам болды. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде - 521 адам келді, кеткені 810 адам, көші-қон айырымы (-289) адам.
Бөлім басшысы С.Шегебаева