Уәлиханов ауданының
2024 жылдың қазан айының 1-не әлеуметтік - экономикалық
дамуының нәтижелері туралы анықтама
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айының статистикалық деректерге cәйкес, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі – 26%-ға; ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы – 24,7%-ға; негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі-14,2 %-ға; пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі– 3,4%-ға артты.
Өнеркәсіп
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 1248,5 млн.теңге құрады (2023 ж. қаңтар-қыркүйек айында – 1515,1 млн. теңге). Нақты көлем индексі 92,1 % құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде көлемі 459,4 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 98,8% құрады;
Өңдеу өнеркәсібінде көлемі 580,5 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 98,5% құрады;
Электрэнергиясымен жабдықтау саласында көлемі 191,1 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 90% құрады;
Сумен жабдықтау саласында көлемі 17,5 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 72,0% құрады.
Ауыл шаруашылығы
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айының статистикалық деректерге cәйкес, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы шығарылымы 20945,9 млн. теңгенi құрады, НКИ-124,7%.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айында ауданда мал мен құс еті тірідей салмақта союға өткізілгені 3325,9 тонна құрады немесе 93,3% (2023 ж. қаңтар-қыркүйек айында – 3563,1 тонна);
Сауылған сиыр сүті – 28840,4 тонна құрады немесе 106,1% (2023 ж. қаңтар-қыркүйек айында – 27175,5 тонна); 621,3 мың дана жұмыртқа алынды немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне – 100,1% (2023 ж. қаңтар-қыркүйек айында – 620,5 мың дана).
2024 жылдың қазан айының 1-не мал басы мен құс саны
(мың бас)
|
Атауы |
Мал басы, мың бас |
2023 жылдың сәйкес кезеңіне өзгеруі |
|||
|
Облыс бойынша 2024 ж. 01.10. |
Аудан бойынша |
% |
Мың бас ( +-) |
||
|
2024 ж. 01.10. |
2023 ж. 01.10. |
||||
|
ІҚМ саны, оның ішінде |
277,9 |
33,2 |
34,5 |
96,1 |
-1,3 |
|
сиырлар |
148,4 |
17,9 |
15,9 |
113,2 |
+2,0 |
|
Қой мен ешкі |
357,7 |
31,8 |
33,0 |
96,3 |
-1,2 |
|
Жылқы |
124,2 |
19,3 |
21,3 |
91,0 |
-2,0 |
|
Шошқа |
127,5 |
0,3 |
0,6 |
54,5 |
-0,3 |
|
Құстар |
3515,3 |
10,1 |
11,2 |
90,8 |
-1,0 |
2024 жылдың қазан айының 1-не мал басының артуы байқалады: сиыр саны 13,2% – ға (17,9 мың бас).
ІҚМ саны -3,9%-ға (33,2 мың бас), қой мен ешкі саны – 3,8% -ға (31,8 мың бас); жылқы саны – 9,8% -ға (19,3 мың бас), шошқа саны – 83,6%-ға (0,3 мың бас); құс саны – 10%-ға (10,1 мың бас) азаюы байқалады.
Тұрғын үй салу және пайдалануға беру
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда 1041 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ 103,4% құрады (2023 жылғы қаңтар-қыркүйек айында - 1007 ш. м).
2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте құрылыс жұмыстарының көлемі 3812,8 млн. теңгені құрады (2023 жылғы қаңтар – қыркүйек айында -2925,8 млн.теңге) НКИ – 126,0%.
Инвестициялар
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айының статистикалық деректеріне cәйкес, негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 7330,1 млн. теңге құрады (2023 ж. қаңтар-қыркүйек айында – 6475,4 млн.теңге), НКИ-110,2%.
Жеке инвестициялар көлемі 3511,5 млн. теңге құрады (2023 ж. қаңтар-қыркүйек айында - 5388,5 млн.теңге), НКИ-63,5%.
Бөлшек сауда
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айының статистикалық дерегіне cәйкес, бөлшек сауда желісі арқылы 2380,8 млн. теңгеге тауар сатылған (2023 ж. қаңтар-қыркүйек айында – 2916,9 млн.теңге), НКИ 76,6% құрады.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айында сауда жасайтын кәсіпорындарымен 636,6 млн. теңгеге, жеке кәсіпкерлерімен – 1744,2 млн. теңгеге тауар сатылды.
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілердің саны 824 бірлікті құрады (2023 ж. 01.10.- 915 бірлік), оның ішінде: заңды тұлғалар - 93 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 396 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары - 335 бірлік.
Әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, аудан бойынша 2023 жылғы қаңтар - маусым айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 259604 теңгені құрады (2023ж.қаңтар - маусым айларында - 235402 теңге), 2023 жылдың сәйкес кезеңіне өсімі 10,3% құрады. Нақты жалақы индексі 100,8% құрады.
Салалық құрылымда ең жоғары жалақы:
- тау-кен өнеркәсібінде – 562105 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 2,2 есеге жоғары;
- білім беру саласында - 265585 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 2% жоғары белгіленді;
Келесі салалар бойынша қызметкерлердің еңбекақысы орташа аудандық деңгейінен төмен:
-мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында - 248926 теңге құрады немесе 1,04 есе төмен;
–денсаулық сақтау саласында- 241348 теңге құрады немесе 1,1 есе төмен;
-көлік және жинақтау саласында-146480 теңге құрайды немесе 1,8 есе төмен;
Демография
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айының 1-не ауданның халық саны 12514 адам құрады (2023 ж. 01.09.- 12978 адам). 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, халықтың саны 464 адамға немесе 4 %-ға азайды.
2024 жылы қаңтар-тамыз айында халықтың табиғи өсімі 59 адам (2023 ж.қаңтар-тамыз айында – 79 адам) құрады. 2024 жылғы қаңтар-тамыз айында тіркелген туғандар саны 122 бала (2023 ж. қаңтар-тамыз айында – 143 бала туылды). Қайтыс болғандар саны 63 адам құрады немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 адамға кем (2023 ж.қаңтар-тамыз айында – 64 адам).
2024 жылдың қаңтар-тамыз айында ауданға 359 адам келді, кеткені 832 адам, көші-қон айырымы (-473) адам болды. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде - 307 адам келді, кеткені 584 адам, көші-қон айырымы (-277) адам.
Бөлім басшысы С.Шегебаева