Уәлиханов ауданының 2024 жылдың қараша айының 1-не әлеуметтік - экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

 Уәлиханов ауданының

2024 жылдың қараша айының 1-не әлеуметтік - экономикалық

дамуының нәтижелері туралы анықтама

 

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қазан айының статистикалық деректерге cәйкес, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі – 44,3%-ға; ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы – 42,1%-ға; негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі-19,4%-ға; пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі– 3,3%-ға артты.

 

Өнеркәсіп

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қазан айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 1420,4 млн.теңге құрады (2023 ж. қаңтар-қазан айында – 1668,3 млн. теңге). Нақты көлем индексі 92,3 % құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде көлемі 473,4 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 94,2% құрады;

Өңдеу өнеркәсібінде көлемі 711,3 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 105,9% құрады;

Электрэнергиясымен жабдықтау саласында көлемі 216,2 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 91,9%  құрады;

Сумен жабдықтау саласында көлемі 19,5 млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 77,3% құрады.

 

Ауыл шаруашылығы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қазан айының статистикалық деректерге cәйкес, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы шығарылымы  28643,3 млн. теңгенi құрады, НКИ-142,1%.

2024 жылғы қаңтар-қазан айында ауданда мал мен құс еті тірідей салмақта союға өткізілгені 3620,7 тонна құрады немесе 94,4% (2023 ж. қаңтар-қазан айында  – 3834,0 тонна);  

Сауылған сиыр сүті – 30758,4 тонна құрады немесе 106,0% (2023 ж. қаңтар-қазан айында – 29010,6 тонна); 643,4 мың дана жұмыртқа алынды немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне – 100,1%  (2023 ж. қаңтар-қазан айында  – 642,6 мың дана).

 

 

 

 

 

2024 жылдың қараша айының 1-не мал басы мен құс саны

                                                                                                                           (мың бас)

Атауы

Мал басы, мың бас

2023 жылдың сәйкес кезеңіне өзгеруі

Облыс бойынша

2024 ж. 01.11.

              Аудан бойынша

%

Мың бас ( +-)

2024 ж. 01.11.

2023 ж. 01.11.

ІҚМ саны, оның ішінде

270,7

32,5

33,9

95,7

-1,4

сиырлар

145,1

16,2

15,9

102,0

+0,3

Қой мен ешкі

352,9

31,4

32,6

96,0

-1,2

Жылқы

122,4

19,1

21,0

91,0

-1,9

Шошқа

128,4

0,3

0,6

48,9

-0,3

Құстар

270,7

32,5

33,9

95,7

-1,4

 

2024 жылдың қараша айының 1-не мал басының артуы байқалады:  сиыр саны 2% – ға (16,2 мың бас).

ІҚМ саны – 4,3%-ға (32,5 мың бас), қой мен ешкі саны – 4% -ға (31,4 мың  бас);  жылқы саны – 9% -ға (19,1 мың бас), шошқа саны – 51,1%-ға  (0,3 мың  бас); құс саны – 10%-ға (9,2 мың бас) азаюы байқалады.

 

Тұрғын үй салу және пайдалануға беру

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қазан айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда  1215 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ 103,3% құрады (2023 жылғы қаңтар-қазан айында - 1176 ш. м).

2024 жылғы қаңтар - қазанда құрылыс жұмыстарының көлемі 4409,4 млн. теңгені құрады (2023 жылғы қаңтар – қазан айында -2957,5 млн.теңге) НКИ – 144,3%.

 

Инвестициялар

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қазан айының статистикалық деректеріне cәйкес, негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 8315,4 млн. теңге құрады (2023 ж. қаңтар-қазан айында – 6754,6 млн.теңге),  НКИ-119,4%.

Жеке инвестициялар көлемі 3561,4 млн. теңге құрады (2023 ж. қаңтар-қазан айында  - 5412,1 млн.теңге),  НКИ-63,9%.

 

Бөлшек сауда

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-қазан айының статистикалық дерегіне cәйкес, бөлшек сауда желісі арқылы 2679,6  млн. теңгеге тауар сатылған (2023 ж. қаңтар-қазан айында – 3120 млн.теңге), НКИ 80,6% құрады.

2024 жылғы қаңтар-қазан айында сауда жасайтын кәсіпорындарымен 749,7 млн. теңгеге, жеке кәсіпкерлерімен – 1929,9 млн. теңгеге тауар сатылды.

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілердің саны 819 бірлікті құрады (2023 ж. 01.11.- 892 бірлік), оның ішінде: заңды тұлғалар - 94 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 392 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары - 333 бірлік.

 

Әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, аудан бойынша 2023 жылғы қаңтар – қыркүйек айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 253435 теңгені құрады (2023ж.қаңтар - қыркүйек  айларында - 222841 теңге), 2023 жылдың сәйкес кезеңіне өсімі 13,7% құрады. Нақты жалақы индексі 104,1% құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы:

- тау-кен өнеркәсібінде – 567395 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 2,2 есеге жоғары;

 

Келесі салалар бойынша қызметкерлердің еңбекақысы орташа аудандық деңгейінен төмен:

– денсаулық сақтау саласында- 249388 теңге құрады немесе 2% төмен;

- мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында - 241467 теңге құрады немесе 5% төмен;

- көлік және жинақтау саласында- 142389 теңге құрады немесе 1,8 есе төмен.

 

Демография

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, 2024 жылдың                  қазан айының 1-не ауданның халық саны 12461 адам құрады (2023 ж. 01.10.- 12990 адам). 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда,  халықтың саны 529 адамға немесе 4 %-ға азайды.

2024 жылы қаңтар-қыркүйек айында халықтың табиғи өсімі 68 адам (2023 ж.қаңтар-қыркүйек айында – 89 адам) құрады. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айында тіркелген туғандар саны 138 бала (2023 ж. қаңтар-қыркүйек айында  – 161 бала туылды). Қайтыс болғандар саны 70 адам құрады немесе  2023 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 адамға кем (2023 ж.қаңтар-қыркүйек айында – 72 адам). 

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айында ауданға 451 адам келді, кеткені 986 адам, көші-қон айырымы (-535) адам болды. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде - 373 адам келді, кеткені 648 адам, көші-қон айырымы (-275) адам.

 

 

Бөлім басшысы                                                       С.Шегебаева

Уәлиханов ауданының 2024 жылдың қараша айының 1-не әлеуметтік - экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
Дата публикации
25 ноября 2024