2024 жылдың мамыр айының 1-іне Уәлиханов ауданының әлеуметтiк-экономикалық паспорты

2024 жылдың мамыр айының 1-іне

Уәлиханов ауданының әлеуметтiк-экономикалық паспорты

 

Аудан әкiмi – Абдулов Мұрат Тоқмағанбетұлы  2024 жылдың ақпан айынан аудан әкiмi лауазымын атқаруда.

Уәлиханов ауданы – Қзылту ауданы  1928 жылы құрылды, 1997 жылы Уәлиханов ауданына аты өзгерілді.

Уәлиханов ауданы Көкшетау облысы Қызылту ауданының он бес шаруашылығы және Уәлиханов ауданының алты шаруашылығы базасында құрылды.

Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында орналасқан.  Солтүстiкте және солтүстiк-шығысында Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығысында- Павлодар облысымен, оңтүстiк және оңтүстiк-шығысында -Ақмола облысымен, батыста — Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданымен шектеседi.

Аумағы — 12876,6 шаршы километр, облыстық аумағынан 13,1 пайызды алып отыр.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуi (2024 ж.01.01.)

Аудан орталығының атауы

Кiшкенекөл селосы

Облыс орталығына дейiн қашықтығы

350 км

Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi

11

Сонын ішінде: аудандық бағынудағы қалалар

-

Селолық /ауылдық/ округтерi

11

Елдi мекен саны

27

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес 2024 жылғы сәуір айының 1-не халық саны 12773 адам немесе жалпы облыс  халқының  2% құрады.

 

Халықтын көшi-қоны:

 

 

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж.

2024 ж. қаңтар-наурыз

Келуi, адам саны

866

520

418

397

564

140

Кетуi, адам саны

1149

920

767

813

911

309

Көшi-қон сальдосы(+/-):

-283

-400

-349

-306

-347

-169

Демографиялық көрсеткіштер:

Туғандар саны

258

231

242

212

210

37

Өлгендер саны

116

126

133

102

107

23

Табиғи өсім

142

105

109

110

103

14

 

Табиғи ресурстары

Уәлиханов ауданының аумағы батыстан шығысқа дейiн 70 км, солтүстiктен оңтүстiкке дейiн 178 километрден астам созылып жатыр.

Ауданның аумағының жер беделi екi класқа бөлiнедi: ұсаққұмдақ және жазық.

Аудан аумағының жер қыртыстары негiзiнен кәдуiлгi және оңтүстiк қара топырақты болып келедi.

Пайдалы қазбалардан балшық, құм, қиыршық тас, iзбес /әк/ тасы, сондай-ақ Чехов кен орнында силикат құмының теңдесi жоқ бiрегей қоры бар.

Аудан орталығының оңтүстiк беткейiнде, Аққұдық селосының аумағында жерасты таза ауыз су көзi — Есдәулет бұлағы бар. Теке көлi, 260 шаршы метр айнадай жарқыраған алқапты алып жатыр, күкiрт-сутегiндiк дәрулiк ылайдың- көкшiл сордық анағұрлым көп қорына ие.

Ауданның аумағында көлдер торабы да дамыған: Сiлетi теңiзi, Теке, Кiшкенекөл, Саржан, Қондыбай қопасы және басқада үлкендi-кiшiлi су қоймалары.

Өзендердiң, көлдердiң және бөгендер мен тоғандардың су тепе-теңдiгi атмосфералық дымқылға байланысты болады.

Өсiмдiктер негiзiнен далалық. Ауданның солтүстiк бөлiгiнде қайын және қайын-терек шоқ ағаштары басым келедi. Жануарлар әлемiн алсақ: қоян, түлкi, борсық, суыр, қасқыр ж.б. жиi кездеседi. Көлдер мен өзендерде және бөгендерде табан, шабақ, алабұға, бүрге балық, шортан, қара балық мекендейдi.

Ауа райы континенттi: қысы суық, қар ұзақ жатады, әдеттегiдей жазы ыстық, күн шуақты ашық болып келедi.

Ылғалдың орташа жылдық мөлшерi 279-312 мм.

 

Өнеркәсiп

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық деректеріне cәйкес өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең үлкен көлемі тау-кен өнеркәсібі – 50%,  өңдеу өнеркәсібі – 30% , электрмен жабдықтау саласы –19 % тиесілі. 

Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 516,8 млн. теңге, нақты көлем индексі 109,2% құрады.

Тау-кен өнеркәсібінің көлемі  258,9 млн. теңге құрады немесе 134,7%,  өңдеу өнеркәсібінің көлемі  154,3 млн. теңге немесе 82,8%, электрмен жабдықтау саласының көлемі – 97,3 млн. теңге немесе 77,8%,  сумен жабдықтау саласының көлемі – 6,3 млн. теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 57,2 % құрады.  

 

Ауыл шаруашылығы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық деректеріне cәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3437,8 млн.теңге құрады, нақты көлем индексі – 102,6%.

Ауданда  мал мен құс еті тірідей салмақта союға өткізілгені  882,5  тонна  немесе 93,9%.

Сауылған сиыр сүті  9371,2 тонна құрады немесе 106,0%; 129,8 мың дана жұмыртқа алынды немесе  2023 жылдың сәйкес кезеңіне 100,1%.

 2024 жылдың мамыр айының 1-не мал мен құстың барлық түрлерінің саны өсуі  байқалады: сиыр саны –4,4 %-ға (18,9 мың бас); қой мен ешкі саны – 9,0 % -ға (35,2 мың  бас);  жылқы саны – 8,2% -ға (24,6 мың бас);  құс саны -18,0 %-ға (9,9 мың бас ).

ІҚМ саны -1,0%-ға (41,2 мың бас); шошқа саны -75,0% азаюы байқалады (0,3 мың  бас).

 

Тұрғын үй құрылысы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық деректерге cәйкес ауданда  491 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды  немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 112,4% құрады.

2024 жылғы қаңтар – сәуір айында құрылыс жұмыстарының көлемі 723,2 млн. теңгені құрады (2023 жылғы қаңтар – сәуір айында 2,6 млн. теңге), НКИ – 26636,9%.

 

Негізгі капиталға салынған  инвестициялар

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық деректерге cәйкес негізгі капиталға салынған  инвестициялар көлемі 1797,8 млн.теңге құрады, НКИ- 111 % құрады.

Жеке инвестициялар көлемі 1327,0 млн. теңге құрады, НКИ- 81,9%.

 

          Сауда

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық деректерге cәйкес бөлшек сауда тауар айналымының  көлемі  1035,9 млн.теңге құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 81,2% құрады.

 

           Инфрақұрылым

Уәлиханов ауданының автомобильдік жолдарының ұзындығы  571,5 км,оның ішінде: 74 км — республикалық маңыздағы, 223 км — облыстық маңыздағы, 274,5 км — аудандық маңыздағы жолдар.

Ауданда: «Аctiv», «Кcell», «Аltel», «Beeline», «Теlе 2» ұялы байланыстар пайдалануда.

 

 

 

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Ауданда барлығы 27 елді-мекен бар. Таза ауыз сумен 25 АЕМ қамтамасыз етілді немесе 95,2 %. Жергілікті су көздерінен 2 (Қарамырза мен Малқара) халық саны аз елді мекен пайдаланады.

 

Ауданды жылумен қамтамасыз ету

Ауданда білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әкімшілік ғимараттарын және 4 көппәтерлік тұрғын үйді жылу мен қамтамасыз ететін 48 жылыту қазандықтары бар.

 

Электржабдықтау

Әуе электр желілерінің ұзындығы 973,83 км құрайды. 158 дана трансформаторлы подстанциялар  бар.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, аудан бойынша 2024 жылғы қаңтар - наурыз айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 227334 теңгені құрады (2023ж.қаңтар - наурыз  айларында - 224748 теңге), 2023 жылдың сәйкес кезеңіне өсімі 18,2% құрады. Нақты жалақы индексі 107,9% құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы:

- тау-кен өнеркәсібінде – 567857 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 2,1 есеге жоғары;

- білім беру саласында - 271699 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 2% жоғары белгіленді;

-мемлекеттік басқару және қарғаныс саласында-268616 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 1,0% жоғары белгіленді;

Келесі салалар бойынша қызметкерлердің еңбекақысы орташа аудандық деңгейінен төмен:

–денсаулық сақтау саласында- 237078 теңге құрады немесе аудандық деңгейден 1,1 есе төмен;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында -184469 теңге құрайды немесе 1,4 есе төмен;

-көлік және жинақтау саласында-164786 теңге құрайды немесе 1,6 есе төмен;

 

Бiлiм беру. 2023– 2024 оқу жылы  аудан бойынша жалпы білім беру мектептердің саны 24 бірлік құрайды, оның ішінде: 18 орта мектеп, 6 негізгі мектеп. Аудан орталығында 2 бөбекжай бақшалары жұмыс істейді.

Бастапқы кәсіптік оқыту Уалиханов ауылшаруашылық колледжінде жүзеге асырылады.

 

Денсаулық сақтау. 2024 жылғы мамыр айының 1-не ауданның денсаулық сақтау жүйесі медициналық ұйымдардың желісімен ұсынылған: 61 төсектік 1 орталық аудандық аурухана, 2 дәрігерлік амбулатория, 21 медпункт .

Дәрігерлер саны 24 адам құрайды, орта медициналық қызметкерлер саны 114 адам.

 

Мәдениет. 2024 жылғы мамыр айының 1-не  мәдениет мекемелерінің желісі 35 бірлікті құрады: 17 клуб және 18 кітапхана.

 

Спорт. 2024 жылғы мамыр айының 1-не аудан бойынша барлығы 126 спорт нысандары жұмыс істейді. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 6300 адам құрады.

 

Қоғамдық-саяси,

қоғамдық және діни бірлестіктер

Ауданда 18 дiни  мұсылман бiрлестiгі бар (5 мешiт, 13 намазхана).

 

Қоғамдық-саяси партиялар:

  1. «Аманат» партиясының филиалы
  2. «Ауыл» партиясының филиалы
  3. «Ақжол» партиясының филиалы

 

Үкіметтік емес ұйымдар:

  1. «Уәлиханов ауданының қазақ күрес федерациясы» қоғамдық бірлестігі
  2. «Қызылту» ерікті спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі
  3. «Уәлиханов жастары» жастар бірлестігі
  4. «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі
  5. «Ақ орамал» қоғамдық бірлестігі
  6. «Номад-Кызылту» жастар бірлестігі
  7. «Кішкенекөл көлдері» қоғамдық бірлестігі
  8. «Джамп роуп және скипенг Федерациясы» қоғамдық бірлестігі
  9. «Нұр-Ай» қоғамдық бірлестігі.

 

Ұлттық мәдени орталықтар:

Ауданда 10 ұлттық-мәдени  орталықтар жұмыс iстейдi.

 

 

Басшы                                                                       С.Шегебаева

2024 жылдың мамыр айының 1-іне Уәлиханов ауданының әлеуметтiк-экономикалық паспорты
Дата публикации
12 сентября 2024