Уәлиханов ауданының 2024 жылдың мамыр айының 1-не әлеуметтік- экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің2024 жылғы қаңтар-сәуірайының статистикалық деректерге cәйкес,2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандааудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі – 27 есеге; тұрғын үй көлемі  - 12,4%; негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі-11%ға;өнеркәсіп өнімдер өндірісінің көлемі – 9,2%-ға артты.

 

Өнеркәсіп

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің2024 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі516,8млн.теңге құрады(2023 ж.қаңтар-сәуірайында – 499,4млн. теңге).Нақты көлем индексі 109,2% құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде көлемі 258,9млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 134,7% құрады;

Өңдеу өнеркәсібінде көлемі 154,3млн. теңгенi немесе2023 жылдың сәйкес кезеңіне 82,8% құрады;

Электрэнергиясымен жабдықтау саласындакөлемі 97,3млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 77,8%  құрады;

Сумен жабдықтау саласында көлемі 6,3млн. теңгенi немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 57,2%құрады.

 

Ауыл шаруашылығы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің2024 жылғы қаңтар-сәуірайыныңстатистикалық деректерге cәйкес, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы шығарылымы3437,8млн. теңгенi құрады (2023 ж. қаңтар-сәуір айында -4158,8млн. теңге),НКИ-102,6%.

2024 жылғы қаңтар-сәуірайында ауданда мал мен құс еті тірідей салмақта союға өткізілгені 882,5тонна құрады немесе 93,9% (2023 ж. қаңтар-сәуірайында – 939,8тонна);

Сауылған сиыр сүті– 9371,2 тонна құрады немесе 106,0% (2023 ж. қаңтар-сәуірайында – 8840,8тонна);129,8 мың дана жұмыртқа алынды немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне–100,1%  (2023 ж. қаңтар-сәуірайында  –129,7мың дана).

 

 

 

2024 жылдың мамырайының 1-не мал басы мен құс саны

                                                                                                                           (мың бас)

Атауы

Мал басы, мың бас

2023жылдың сәйкес кезеңіне өзгеруі

Облыс бойынша

2024 ж. 01.05

              Аудан бойынша

%

Мың бас ( +-)

2023 ж. 01.05

2024 ж. 01.05.

ІҚМ саны, оның ішінде

347,9

41,5

41,2

99,3

-0,3

сиырлар

163,5

18,2

18,9

104,4

+0,7

Қой мен ешкі

424,5

32,5

35,2

109,0

+2,7

Жылқы

152,5

22,8

24,6

108,2

+1,8

Шошқа

127,7

0,7

0,4

61,5

-0,3

Құстар

3269

8,4

9,9

118,0

+1,5

 

2024 жылдың мамыр айының 1-не артуы байқалады:  сиыр саны 4,4% – ға (18,9 мың бас), қой мен ешкі саны –9,0% -ға (35,2 мың  бас);  жылқы саны –8,2% -ға (24,6 мың бас); құс саны – 18,0%-ға (9,9 мың бас).

ІҚМ саны -1,0%-ға (41,2 мың бас), шошқа саны -75%-ға(0,4 мың  бас)азаюы байқалады.

 

Тұрғын үй салу және пайдалануға беру

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар-сәуір айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда  491 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ 112,4% құрады (2023 жылғы қаңтар-сәуірайында - 437 ш. м).

2024 жылғы қаңтар - сәуірде құрылыс жұмыстарының көлемі 723,2 млн. теңгені құрады (2023 жылғы қаңтар –сәуір айында-2,6 млн.теңге) НКИ – 26636,9%.

 

Инвестициялар

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің2024 жылғы қаңтар-сәуірайының статистикалық деректеріне cәйкес, негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi1797,8млн. теңге құрады (2023 ж. қаңтар-сәуірайында –1574,2млн.теңге),НКИ-111%.

Жеке инвестициялар көлемі1327млн. теңге құрады(2023 ж. қаңтар-сәуірайында -1574,2млн.теңге),НКИ-81,9%.

 

Бөлшек сауда

ҚРСтратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің2024 жылғы қаңтар-сәуірайының статистикалық дерегіне cәйкес, бөлшек сауда желісі арқылы1035,9млн. теңгеге тауар сатылған (2023 ж. қаңтар-сәуірайында – 1193млн.теңге), НКИ 81,2% құрады.

2024 жылғы қаңтар-сәуірдеайында сауда жасайтын кәсіпорындарымен220,7млн. теңгеге, жеке кәсіпкерлерімен – 815,2млн. теңгеге тауар сатылды.

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілердің саны828 бірлікті құрады (2023 ж. 01.05.- 881 бірлік),оның ішінде: заңды тұлғалар - 94 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 383 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары - 351 бірлік.

 

Әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментініңстатистикалық деректерге cәйкес, аудан бойынша 2023 жылғы қаңтар -наурызайларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 265641теңгені құрады (2023ж.қаңтар - наурыз  айларында - 224748 теңге), 2023 жылдың сәйкес кезеңіне өсімі 18,2% құрады. Нақты жалақы индексі 107,9% құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы:

- тау-кен өнеркәсібінде – 567857 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 2,1есеге жоғары;

- білім беру саласында - 271699 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 2% жоғары белгіленді;

-мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында - 268616 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 1% жоғары белгіленді;

Келесі салалар бойынша қызметкерлердің еңбекақысы орташа аудандық деңгейінен төмен:

–денсаулық сақтау саласында- 237078 теңге құрады немесе 1,1 есе төмен;

-кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында -184469 теңге құрады немесе 1,4 есе төмен;

-көлік және жинақтау саласында-164786 теңге құрайды немесе 1,6 есе төмен;

 

Демография

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментініңстатистикалық деректерге cәйкес, 2024 жылдыңсәкірайының 1-не ауданның халық саны12773адам құрады (2023 ж. 01.04.-13140адам).2023жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда,  халықтың саны 367 адамға немесе 3 %-ға азайды.

2024 жылы қаңтар-наурызайындахалықтың табиғи өсімі14адам (2023 ж.қаңтар-наурызайында–37адам) құрады. 2024 жылғы қаңтар-наурызайындатіркелген туғандар саны37бала(2023 ж.қаңтар-наурызайында–47бала туылды). Қайтыс болғандар саны23адам құрады немесе  2023 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5адамға кем(2022 ж.қаңтар-наурызайында– 28 адам). 

2024 жылдың қаңтар-наурызайындаауданға 140адам келді, кеткені 309адам, көші-қон айырымы (-169) адам болды.2023 жылдың сәйкес кезеңінде -93адам келді, кеткені 149 адам, көші-қон айырымы (-56) адам.

Уәлиханов ауданының 2024 жылдың мамыр айының 1-не әлеуметтік- экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
Дата публикации
12 сентября 2024