"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының экономика және қаржы бөлімі" КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының экономика және қаржы бөлімі" КММ 2024 жылғы 20 мамыр мен 24 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

 

         Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу кезінде жұмыс тобының құрамына қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2024 жылғы 17 мамырға дейін 21-247 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

 

         1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау;

 

         2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес талдамалық анықтама дайындау;

 

         3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының тізбесін қалыптастыра отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;

 

         4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің осы үлгілік қағидаларының 25-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде шаралар қабылдау.

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының экономика және қаржы бөлімі" КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды
Дата публикации
08 апреля 2024