Уәлиханов ауданының 2024 жылдың ақпан айының 1-не әлеуметтік- экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің2024 жылғы қаңтарайының статистикалық деректерге cәйкес,2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандааудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі-1,9 есеге, тұрғын үй  - 27,6%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы – 7,5%-ға, бөлшек сауда айналымы – 1,8 %-ға, өнеркәсіп өнімдер өндірісінің көлемі – 1%-ғаартты.

 

Өнеркәсіп

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің2024 жылғы қаңтар айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі106,6млн.теңге құрады(2023 ж.қаңтарайында – 100,5млн. теңге).Нақты көлем индексі 101,0% құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде көлемі 45,7млн. теңгенi құрады немесе 100%  (2023 ж. қаңтар  айында  -103,9млн. теңге);

Өңдеу өнеркәсібінде көлемі 25,6млн. теңгенi құрады немесе100%  (2023 ж. қаңтар айында  – 58,8 млн. тенге);

Электрэнергиясымен жабдықтау саласындакөлемі 30,2млн. теңгенi құрады немесе 92,5%  құрады (2023 ж. қаңтар айында  - 27,2млн. тенге);

Сумен жабдықтау саласында көлемі 2,1млн. теңгенi құрады немесе 100% (2023 ж. қаңтар айында  -2,4млн. тенге);

 

Ауыл шаруашылығы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің2024 жылғы қаңтарайыныңстатистикалық деректерге cәйкес, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жалпы шығарылымы735,0млн. теңгенi құрады (2023 ж. қаңтарайында -813,7млн. теңге),НКИ-107,5%.

2024 жылғы қаңтарайында ауданда мал мен құс еті тірідей салмақта союға өткізілгені 430,6тонна құрады немесе 92,7% (2023 ж. қаңтарайында –464,4тонна);

Сауылған сиыр сүті– 893,3 тонна құрады немесе 107,9% (2023 ж. қаңтар айында – 827,7тонна);16,9 мың дана жұмыртқа алынды немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне–100,5%  (2023 ж. қаңтарайында  –16,6мың дана).

 

 

2024 жылдың ақпанайының 1-не мал басы мен құс саны

                                                                                                                           (мың бас)

Атауы

Мал басы, мың бас

2023жылдың сәйкес кезеңіне өзгеруі

Облыс бойынша

2024 ж. 01.02

              Аудан бойынша

%

Мың бас ( +-)

2023 ж. 01.02

2024 ж. 01.02.

ІҚМ саны, оның ішінде

295,0

35,7

32,6

91,3

-3,1

сиырлар

146,2

14,4

15,9

111,0

+1,5

Қой мен ешкі

357,9

27,0

31,2

115,2

+4,2

Жылқы

134,5

17,2

21,7

126,2

+4,5

Шошқа

114,8

0,4

0,2

59,5

-0,2

Құстар

3602

6,9

9,9

145,0

+3,0

 

2024 жылдың ақпан айының 1-не артуы байқалады:  сиыр саны 18,8% – ға (9,1 мың бас), қой мен ешкі саны –15,2% -ға (31,2 мың  бас);  жылқы саны –26,2% -ға (21,7 мың бас); құс саны – 45,0%-ға (9,9 мың бас).

ІҚМ саны -8,7%-ға (32,6мың бас), шошқа саны -40,5 % -ға (0,2 мың  бас) азаюы байқалады

 

Тұрғын үй салу және пайдалануға беру

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2024 жылғы қаңтар айының статистикалық деректерге cәйкес, ауданда  37 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ 127,6% құрады (2023 жылғы қаңтар айында -29 ш. м).

2024 жылдың қаңтар айында құрылыс жұмыстары жүргізілген жоқ.

 

Инвестициялар

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің2024 жылғы қаңтарайының статистикалық деректеріне cәйкес, негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi205,8млн. теңге құрады (2023 ж. қаңтарайында –106,9млн.теңге),НКИ-1,9 есе.

Жеке инвестициялар көлемі205,8млн. теңге құрады(2023 ж. қаңтарайында -106,9млн.теңге),НКИ-1,9 есеге жоғары.

 

Бөлшек сауда

ҚРСтратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің2024 жылғы қаңтарайының статистикалық дерегіне cәйкес, бөлшек сауда желісі арқылы244,0млн. теңгеге тауар сатылған (2023 ж. қаңтарайында – 222,7млн.теңге), НКИ 101,8% құрады.

2024 жылғы қаңтарайында сауда жасайтын кәсіпорындарымен179,6млн. теңгеге, жеке кәсіпкерлерімен – 64,4млн. теңгеге тауар сатылды.

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілердің саны841 бірлікті құрады (2023 ж. 01.02.- 849 бірлік),оның ішінде: заңды тұлғалар - 91 бірлік, жеке кәсіпкерлер - 393 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары - 357 бірлік.

 

Әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментініңстатистикалық деректерге cәйкес, аудан бойынша 2023 жылғы қаңтар -желтоқсанайларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 227334теңгені құрады (2022ж.қаңтар - желтоқсан  айларында - 190437 теңге), 2022 жылдың сәйкес кезеңіне өсімі 19,4% құрады. Нақты жалақы индексі 103,3% құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы:

- тау-кен өнеркәсібінде – 452029 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 1,9есеге жоғары;

-денсаулық сақтау саласында - 236466 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 4,0% жоғары белгіленді;

- білім беру саласында - 227883 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 0,2% жоғары белгіленді;

Келесі салалар бойынша қызметкерлердің еңбекақысы орташа аудандық деңгейінен төмен:

–ауыл шаруашылығы саласында- 181483 теңге құрайды немесе 1,2 есе төмен;

-көлік және жинақтау саласында-153063 теңге құрайды немесе 1,5 есе төмен;

-кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында -166637 теңге құрайды немесе 1,4 есе төмен;

 

Демография

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментініңстатистикалық деректерге cәйкес, 2023 жылдыңқаңтарайының 1-не ауданның халық саны12932адам құрады (2023 ж. 01.01.-13170 адам).2022жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда,  халықтың саны 238 адамға немесе 1,8%-ға азайды.

2023 жылы қаңтар-желтоқсанайындахалықтың табиғи өсімі103адам (2022 ж.қаңтар-желтоқсанайында–110адам) құрады. 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанайындатіркелген туғандар саны210бала(2022 ж.қаңтар-желтоқсанайында– 212бала туылды). Қайтыс болғандар саны107адам құрады немесе  2022 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5адамға артық(2022 ж.қаңтар-желтоқсанайында– 102 адам). 

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айындаауданға 564 адам келді, кеткені 911адам, көші-қон айырымы (-347) адам болды.2022 жылдың сәйкес кезеңінде -397адам келді, кеткені 813 адам, көші-қон айырымы (-416) адам.

Уәлиханов ауданының 2024 жылдың ақпан айының 1-не әлеуметтік- экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
Дата публикации
18 марта 2024