2024 жылдың ақпан айының 1-іне Уәлиханов ауданының әлеуметтiк-экономикалық паспорты

Аудан әкiмiнің м.а. – Бейсембин Дархан Машаевич 2024 жылдың қаңтар айынан аудан әкiмiнің міндетін атқаруда.

Уәлиханов ауданы – Қзылту ауданы  1928 жылы құрылды, 1997 жылы Уәлиханов ауданына аты өзгерілді.

Уәлиханов ауданы Көкшетау облысы Қызылту ауданының он бес шаруашылығы және Уәлиханов ауданының алты шаруашылығы базасында құрылды.

Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында орналасқан.  Солтүстiкте және солтүстiк-шығысында Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығысында- Павлодар облысымен, оңтүстiк және оңтүстiк-шығысында -Ақмола облысымен, батыста — Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданымен шектеседi.

Аумағы — 12876,6 шаршы километр, облыстық аумағынан 13,1 пайызды алып отыр.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнуi (2024 ж.01.01.)

Аудан орталығының атауы

Кiшкенекөл селосы

Облыс орталығына дейiн қашықтығы

350 км

Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi

11

Сонын ішінде: аудандық бағынудағы қалалар

-

Селолық /ауылдық/ округтерi

11

Елдi мекен саны

27

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес 2023 жылғы қаңтар айының 1-не халық саны 12932 адам немесе жалпы облыс  халқының  2,4% құрады.

 

Халықтын көшi-қоны:

 

 

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2022 ж.

2023 ж. қаңтар-желтоқсан

Келуi, адам саны

866

520

418

397

564

Кетуi, адам саны

1149

920

767

813

911

Көшi-қоны сальдо (+/-):

-283

-400

-349

-306

-347

Демографиялық көрсеткіштер:

 

 

Туғандар саны

258

231

242

212

210

Өлгендер саны

116

126

133

102

107

Табиғи өсім

142

105

109

110

103

 

Табиғи ресурстары

Уәлиханов ауданының аумағы батыстан шығысқа дейiн 70 км, солтүстiктен оңтүстiкке дейiн 178 километрден астам созылып жатыр.

Ауданның аумағының жер беделi екi класқа бөлiнедi: ұсаққұмдақ және жазық.

Аудан аумағының жер қыртыстары негiзiнен кәдуiлгi және оңтүстiк қара топырақты болып келедi.

Пайдалы қазбалардан балшық, құм, қиыршық тас, iзбес /әк/ тасы, сондай-ақ Чехов кен орнында силикат құмының теңдесi жоқ бiрегей қоры бар.

Аудан орталығының оңтүстiк беткейiнде, Аққұдық селосының аумағында жерасты таза ауыз су көзi — Есдәулет бұлағы бар. Теке көлi, 260 шаршы метр айнадай жарқыраған алқапты алып жатыр, күкiрт-сутегiндiк дәрулiк ылайдың- көкшiл сордық анағұрлым көп қорына ие.

Ауданның аумағында көлдер торабы да дамыған: Сiлетi теңiзi, Теке, Кiшкенекөл, Саржан, Қондыбай қопасы және басқада үлкендi-кiшiлi су қоймалары.

Өзендердiң, көлдердiң және бөгендер мен тоғандардың су тепе-теңдiгi атмосфералық дымқылға байланысты болады.

Өсiмдiктер негiзiнен далалық. Ауданның солтүстiк бөлiгiнде қайын және қайын-терек шоқ ағаштары басым келедi. Жануарлар әлемiн алсақ: қоян, түлкi, борсық, суыр, қасқыр ж.б. жиi кездеседi. Көлдер мен өзендерде және бөгендерде табан, шабақ, алабұға, бүрге балық, шортан, қара балық мекендейдi.

Ауа райы континенттi: қысы суық, қар ұзақ жатады, әдеттегiдей жазы ыстық, күн шуақты ашық болып келедi.

Ылғалдың орташа жылдық мөлшерi 279-312 мм.

 

Өнеркәсiп

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің 2024 жылғы қаңтар айының статистикалық деректеріне cәйкес өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең үлкен көлемі өңдеу өнеркәсібі – 24,7% , тау-кен өнеркәсібі – 44,1%, электрмен жабдықтау саласы –29,1 % тиесілі. 

Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 103,6 млн. теңге, нақты көлем индексі 101,0% құрады.

Тау-кен өнеркәсібінің көлемі  45,7 млн. теңге құрады немесе 100%,  өңдеу өнеркәсібінің көлемі  25,6 млн. теңге немесе 100%, электрмен жабдықтау саласының көлемі – 30,2 млн. теңге немесе 92,5%,  сумен жабдықтау саласының көлемі – 2,1 млн. теңге немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 100 % құрады.  

 

Ауыл шаруашылығы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің 2024 жылғы қаңтар айының статистикалық деректеріне cәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 735,0 млн.теңге құрады, нақты көлем индексі – 107,5%.

Ауданда  мал мен құс еті тірідей салмақта союға өткізілгені  430,6  тонна  немесе 92,7%.

Сауылған сиыр сүті  893,3 тонна құрады немесе 107,9%; 16,9 мың дана жұмыртқа алынды немесе  2023 жылдың сәйкес кезеңіне 100,5%.

 2024 жылдың ақпан айының 1-не мал мен құстың барлық түрлерінің саны өсуі  байқалады: сиыр саны –18,8 %-ға (9,1 мың бас); қой мен ешкі саны – 15,2 % -ға (31,2 мың  бас);  жылқы саны – 26,2% -ға (21,7 мың бас);  құс саны -45 %-ға (9,9 мың бас ).

ІҚМ саны -8,7%-ға (32,6 мың бас); шошқа саны -40,5 % -ға (0,2 мың  бас) азаюы байқалады.

 

Тұрғын үй құрылысы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің 2024 жылғы қаңтар айының статистикалық деректерге cәйкес ауданда  37 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды  немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 127,6% құрады.

2024 жылдың қаңтар айында құрылыс жұмыстары жүргізілген жоқ.

 

Негізгі капиталға салынған  инвестициялар

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің 2024 жылғы қаңтар айының статистикалық деректерге cәйкес негізгі капиталға салынған  инвестициялар көлемі 205,8 млн.теңге құрады, НКИ- 1,9 есе  құрады.

Жеке инвестициялар көлемі 205,8 млн. теңге құрады, НКИ- 1,9 есе.

 

          Сауда

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің 2024 жылғы қаңтар айының статистикалық деректерге cәйкес бөлшек сауда тауар айналымының  көлемі  244,0 млн.теңге құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 101,8% құрады.

 

           Инфрақұрылым

Уәлиханов ауданының автомобильдік жолдарының ұзындығы  571,5 км,оның ішінде: 74 км — республикалық маңыздағы, 223 км — облыстық маңыздағы, 274,5 км — аудандық маңыздағы жолдар.

Ауданда: «Аctiv», «Кcell», «Аltel», «Beeline», «Теlе 2» ұялы байланыстар пайдалануда.

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Ауданда барлығы 27 елді-мекен бар. Таза ауыз сумен 25 АЕМ қамтамасыз етілді немесе 95,2 %. Жергілікті су көздерінен 2 (Қарамырза мен Малқара) халық саны аз елді мекен пайдаланады.

Ауданды жылумен қамтамасыз ету

Ауданда білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әкімшілік ғимараттарын және 4 көппәтерлік тұрғын үйді жылу мен қамтамасыз ететін 48 жылыту қазандықтары бар.

 

Электржабдықтау

Әуе электр желілерінің ұзындығы 973,83 км құрайды. 158 дана трансформаторлы подстанциялар  бар.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  Департаментінің статистикалық деректерге cәйкес, аудан бойынша 2023 жылғы қаңтар - желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 227334 теңгені құрады (2022ж.қаңтар - желтоқсан  айларында - 190437 теңге), 2022 жылдың сәйкес кезеңіне өсімі 19,4% құрады. Нақты жалақы индексі 103,3% құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы:

- тау-кен өнеркәсібінде – 452029 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 1,9 есеге жоғары;

-денсаулық сақтау саласында-236466 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 4,0% жоғары белгіленді;

- білім беру саласында - 227883 теңге, бұл орташа аудандық деңгейінен 0,2% жоғары белгіленді;

Келесі салалар бойынша қызметкерлердің еңбекақысы орташа аудандық деңгейінен төмен:

–ауыл шаруашылығы саласында- 181483 теңге құрайды немесе 1,2 есе төмен;

-көлік және жинақтау саласында-153063 теңге құрайды немесе 1,5 есе төмен;

- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында -166637 теңге құрайды немесе 1,4 есе төмен;

 

Бiлiм беру. 2023– 2024 оқу жылы  аудан бойынша жалпы білім беру мектептердің саны 24 бірлік құрайды, оның ішінде: 18 орта мектеп, 6 негізгі мектеп. Аудан орталығында 2 бөбекжай бақшалары жұмыс істейді.

Бастапқы кәсіптік оқыту Уалиханов ауылшаруашылық колледжінде жүзеге асырылады.

 

Денсаулық сақтау. 2024 жылғы ақпан айының 1-не ауданның денсаулық сақтау жүйесі медициналық ұйымдардың желісімен ұсынылған: 61 төсектік 1 орталық аудандық аурухана, 2 дәрігерлік амбулатория, 21 медпункт .

Дәрігерлер саны 24 адам құрайды, орта медициналық қызметкерлер саны 114 адам.

 

Мәдениет. 2024 жылғы ақпан айының 1-не  мәдениет мекемелерінің желісі 35 бірлікті құрады: 17 клуб және 18 кітапхана.

 

Спорт. 2024 жылғы ақпан айының 1-не аудан бойынша барлығы 126 спорт нысандары жұмыс істейді. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 6300 адам құрады.

 

Қоғамдық-саяси,

қоғамдық және діни бірлестіктер

Ауданда 18 дiни  мұсылман бiрлестiгі бар (5 мешiт, 13 намазхана).

Қоғамдық-саяси партиялар:

  1. «Аманат» партиясының филиалы
  2. «Ауыл» партиясының филиалы
  3. «Ақжол» партиясының филиалы

Қоғамдық бiрлестiктер:

  1. «Уәлиханов ауданының қазақ күрес федерациясы» қоғамдық бірлестігі
  2. «Қызылту» ерікті спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігі
  3. «Уәлиханов жастары» жастар бірлестігі
  4. «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі
  5. «Ақ орамал» қоғамдық бірлестігі
  6. «Номад-Кызылту» жастар бірлестігі
  7. «Кішкенекөл көлдері» қоғамдық бірлестігі
  8. «Джамп роуп және скипенг Федерациясы» қоғамдық бірлестігі
  9. «Нұр-Ай» қоғамдық бірлестігі.

 

Ұлттық мәдени орталықтар:

Ауданда 10 ұлттық-мәдени  орталықтар жұмыс iстейдi.

  

2024 жылдың ақпан айының 1-іне Уәлиханов ауданының әлеуметтiк-экономикалық паспорты
Дата публикации
18 марта 2024