2025 жылғы 5 қыркүйекте «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарын орындау мәселелері бойынша кеңес өтті.
Аталған іс-шарада анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар қаралды, оның ішінде:
іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша шаралар қабылдау;
құжаттарды дайындау және қарау кезінде талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
ресми құжаттарды дайындау сапасын арттыру;
Кеңес қорытындысы бойынша мамандарға тапсырмалар берілді.