Меню

Страницы

Статья

ЖҰМЫС БЕРУШІ ҚЫЗМЕТКЕРДІ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЖҰМЫСҚА ТАРТА АЛА МА?

Демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі, алайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

ҚР Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға олардың жазбаша келісімімен немесе өздерінің өтініші бойынша жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі.

Қызметкер нені білуі маңызды?

- Қызметкердің келісімі. Жалпы ереже бойынша жұмыс беруші қызметкерді оның жазбаша келісімінсіз демалыс күні жұмысқа тартуға құқылы емес.

- Еңбекақы төлеу. ҚР Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде жүргізіледі.

- Басқа демалыс күні. Қызметкердің қалауы бойынша жоғарылатылған еңбекақы төлеудің орнына басқа демалыс күні берілуі мүмкін.

- Ерекше жағдайлар. Заңнамада қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға жол берілетін жекелеген жағдайлар көзделген.

Есіңізде болсын: қызметкерлерді демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың белгіленген тәртібін сақтау – жұмыс берушінің міндеті.

Өз еңбек құқықтарыңызды біліңіз және оларды қорғаңыз!

#ЕңбекҚұқықтары #ҚРЕңбекКодексі #ЕңбекИнспекциясы #ҚызметкерлердіңҚұқықтарынҚорғау #МЕИК #ҚРЕңбекМинистрлігі

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

Жиі қойылатын сұрақтар бойынша өтініштер
21 октября 2026
ҚЫЗМЕТКЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ: ЖҰМЫС БЕРУШІ НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?
Ақпарат
20 октября 2026
ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ КЕЗІНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР ТЕҢДІГІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
Бағыттар
20 октября 2026
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАМАДАН БАСТАЛАДЫ: ЖҰМЫС БЕРУШІ НЕНІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ МІНДЕТТІ?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы