Меню

Страницы

Статья

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ЕШЕАБЖ-ДАҒЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ ӨЗЕКТЕНДІРУ ҰСЫНЫЛАДЫ

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті жұмыс берушілердің назарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттары туралы мәліметтерді уақтылы тексеру және өзектендіру қажеттігіне аударады. Бүгінде ЕШЕАБЖ-да шамамен 6,9 млн қолданыстағы еңбек шарты туралы мәліметтер қамтылған. Жұмыс берушілерге енгізілген ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын, оның ішінде қызметкер, лауазымы, еңбек шартының мерзімі, ауыстырулар, еңбек жағдайларының өзгеруі және еңбек қатынастарының тоқтатылуы туралы мәліметтерді тексеру ұсынылады. ЕШЕАБЖ-дағы өзекті мәліметтер қызметкерлердің еңбек қызметі туралы деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге және ақпараттық жүйелердегі сәйкессіздіктер санын азайтуға мүмкіндік береді.
 
Заңнамада мынадай жағдайлар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз:
- ЕШЕАБЖ-ға ақпаратты енгізбеу не белгіленген мерзімдерде уақтылы енгізбеу;
- ақпаратты толық көлемде енгізбеу;
- ЕШЕАБЖ-ға анық емес және (немесе) қате ақпарат енгізу.
 
Жұмыс берушілерге ЕШЕАБЖ-дағы мәліметтерді тұрақты түрде тексеріп, оларды уақтылы өзектендіруді ұсынамыз.
 
ЕШЕАБЖ-дағы еңбек шарттары туралы мәліметтерді қазірден тексеріңіз — деректер толық, өзекті және дұрыс болуы тиіс.
Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип
Жиі қойылатын сұрақтар бойынша өтініштер

Сейчас читают

Жиі қойылатын сұрақтар бойынша өтініштер
21 октября 2026
ҚЫЗМЕТКЕРДІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ: ЖҰМЫС БЕРУШІ НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?
Ақпарат
20 октября 2026
ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ КЕЗІНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР ТЕҢДІГІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
Бағыттар
20 октября 2026
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАМАДАН БАСТАЛАДЫ: ЖҰМЫС БЕРУШІ НЕНІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ МІНДЕТТІ?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы