Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы азаматтарды еңбек қатынастары саласына қатысты мәселелер бойынша жеке қабылдайды.
Қабылдау барысында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуы, жалақының уақтылы төленуі, еңбек шарттарын жасасу және еңбек дауларына қатысты мәселелер қаралады.
Азаматтар өздерін толғандырған сұрақтар бойынша жүгініп, қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер мен кеңестер ала алады.